You are here

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «ЕЛ РУХЫ» - «ОЛИМПИЙСКОЕ ЛЕТО» ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

18.08.2016, 14:24   1073

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 18 тамызда Астана қаласында, Назарбаев университетінің алаңында «Спорт бейбітшілік пен келісім үшін» ұранымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған  «Ел рухы» - «Олимпийское лето» фестивалінің  ашылу салтанаты өтті.

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері олимпиадалық қозғалыс пен олимпиадалық рухты кең тарату, салауатты өмір салтын ілгерілету, Қазақстанның олимпиадалық құрамасын қолдау, достық, спорттық шеберлік пен құрмет сияқты қазақстандық құндылықтарды көрсету болып табылады. 

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі  Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, олимпиада чемпиондары, Ассамблея мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың спорттық командалары, этномәдени бірлестіктер мүшелері, жастар мен БАҚ қатысты.

ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі  Ералы Тоғжанов барлық жиналған қауымды фестивальдің ашылуымен  құттықтады. «Спорт тек қана дене шынықтыру емес, спорт - Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған ұлттың рухы»,-деді ол өз сөзінде.

Іс-шара барысында фестиваль қонақтары, Мюнхен олимпиадасының күміс жүлдегері, жүзгіш Виктор Андрееевич Абоимов пен олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Васильевич Мельниченко Риодағы олимпиада ойыншыларын қолдау мақсатында өтіп жатқан ауқымды іс-шараға қатысушыларға алғыстарын айтты.

Сонымен қатар, фестивальдің ашылуы аясында этномәдени бірлестіктер өкілдері және «Street Workout» спортшылары  өнер көрсетіп, эстрада жұлдыздары қатысуымен өткен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Еске сала кетсек, бүгін Назарбаев университетінің спорт кешенінде  спорттың 7 түрінен: қазақша күрестен, тоғыз құмалақтан, волейболдан, үстел теннисінен, мини-футболдан,  армрестлингтен (қоссайыс) және таэквондодан іс-шаралар өтуде.

Фестиваль 18-19 тамыз күндері өтеді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15