You are here

Қазақстан халқы Ассамблеясы Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтайды

05.05.2017, 17:31   2646

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Біздің ел үшін 7 мамыр – бұл ерлік пен ержүректіліктің, жауынгерлік борыш пен Отанға адал қызмет етудің мерекесі.

25 жыл бұрын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Ширек ғасыр ішінде олар өздерінің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен кәсіби біліктілігінің арқасында Қазақстанның сенімді қалқанына, тәуелсіздік пен егемендіктің тірегіне айналды.

Бүгін біз Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен Қарулы Күштердің барлық буындарына құрмет көрсете отырып, еліне адал, мемлекет қауіпсіздігін, қоғам мен әр азаматты қорғаушылар ризашылығымызды білдіреміз.

Еліміздің сан ғасырлық шежіресі Қазақстан халқына тән ерлік пен жауынгерлік тәлімге толы.

Сол себепті біз өзінің күш-қуатын, өмірін аямай туған жерін қорғайтын азаматтарға ризашылық білдіріп, үлкен құрметпен қараймыз.

Қымбатты Отан қорғаушылар!

Сіздерге шын жүректен бақыт, шаңырақтарыңызға бейбітшілік, шаттық пен бақ-береке тілейміз. Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің қызметі табысты болғай.

Қайсар және ержүрек азаматтардың мерекесі әрқашан тыныштық пен қуаныштың мерекесі болсын!

Мерекелеріңізбен!

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15