«Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің дамуындағы жастардың әлеуеті»

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылғы 30 қараша күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің дамуындағы жастардың әлеуеті» атты студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шара ұйымдастырушылары - Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы мен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ.

Конференцияға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік мекемелер мен БАҚ өкілдері, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шара барысында Астана қаласы ҚХА Ғылыми-сараптама тобының мүшесі, философия ғылымдарының докторы Юлия Шаповал, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың 1 курс студенттері – Сәулебекова Мезгіл, Батығаева Әлия, Матасова Анна, Баймұрадова Гүлден баяндамаларын оқыды.

 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - еліміздегі барша ұлттарды біріктіруші институтқа айналды. Ассамблея ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған көпжоспарлы істердің ұйымдастырушысы, қозғаушысы әрі үйлестірушісі болып табылады», - деді өз сөзінде Мезгіл Сәулебекова.

«Этносаралық келісім – мемлекеттегі тұрақтылық кепілі» тақырыбында баяндама жасаған Анна Матасова, Қазақстан халқы Ассамблеясының этникалық мәдениеттерді қайта жаңғырту мен насихаттаудағы ролі туралы сөз қозғады. Анна Матасова: «Бүгінде біздің еліміз бүкіл әлемге үйлесімді, ұлтаралық әрекеттесудің, мәдени және конфессиялық әртүрліліктің бірегей моделін паш етеді», - деді.

«ЖАРАСЫМ» ҚХА республикалық жастар қанатының өкілі Әлия Батығаева Қазақстан халқы Ассамблеясындағы жастардың әлеуетіне тоқталды: «Жастар қанатының алдында этномәдени орталықтардағы барлық жастар ұйымдарын біріктіру мақсаты тұр. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының жас көмекшісінің қоржынында этномәдени бірлестіктердегі жастардың қатысуымен өткен әр түрлі бағыттағы ауқымды іс-шаралар бар. Ұйымның жарғысы бекітіліп, алдағы жылға жоспарлар белгіленді».

Өз кезегінде «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы айтты. Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын оқыды.

Конференция соңында Астана қаласы ҚХА хатшылығы меңгерушісінің м.а. Гүлнара Тайгокова жас баяндамашылар мен қатысушыларға алғыс білдірді.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.