«Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін дамытудағы жастар әлеуеті» студенттер конференциясы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осы жылдың 5 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін дамытудағы жастар әлеуеті» атты студенттер конференциясы өткізілді. Аталған конференцияның басты мақсаты - Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынасты жіті таныстыру, сондай-ақ студент жастар арасында жалпыұлттық бірегейлікті және патриоттық тәрбиені кеңінен насихаттау. Мұнан өзге, бұл конференция студенттердің жалпыадамзаттық моральдық-адамгершілік құндылықтарды бағалай білуіне және дәлелдеуді қажет етпейтін негізгі бағыт-бағдарымыз болып саналған «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне бағытталды. Бұл тұрғыда қоғамдық келісім, ұлттық бірлік, жас ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту мәселесі мен этносаралық қарым-қатынас жүйесіндегі жастардың жобаларын кеңінен таныстыруға  мүмкіндік жасалды.

Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған осы іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қарым-қатынастар факультетінің деканы Ақбота Жолдасбекова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов, ғылым докторлары мен магистранттар, Астана қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, Астана қаласы жоғары оқу орындары жанындағы мамандандырылған курстың тыңдаушылары, сондай-ақ ЭМБ жастар қанатының мүшелері қатысты.

Этносаралық қарым-қатынас жүйесіндегі ҚХА маңыздылығын мәлімдеген  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғ. Шалахметов сөз орайында: «Қазақстан халқы Ассамблеясы дегеніміз не?! Ол - симфониялық оркестр. Шын мәнінде, классикалық және симфониялық оркестрлер шамамен бірегей 50 аспаптардан тұрады. Егер, симфония музыкалық аспаптардан тұратын болса, онда дабылсыз симфония үні естілмеген болар еді. Осылайша біздің жағдайда бұл дабыл кіші этникалық топ болып есептеледі. Сондықтан біз Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ауызға алған кезде, еліміздің симфониялық оркестріне айрықша үміт артамыз!»,-деді.

Бұл күні елордадағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне патриотизм мен ұлтаралық бірлік тақырыбына баяндама жасап, өз ой-пікірлерін айтуға мүмкіндік жасалды.

Қазақ  мемлекеттік заң университетінің студенті Дален Рахимжанов өз баяндамасында патриоттық тәрбие туралы ой бөлісті. «Еліміздің әрбір адамы патриот бола алады. Ол үшін оның қазақ болуы шарт емес.  Ең бастысы, барлық игілікті істерді ел игілігі үшін жасайсың. Отто фон Бисмарк былай деген екен: «Біреу мектеп салмаса, онда оның түрме салуға әрекет жасағаны». Бұл сөздің қазіргі аударма мағынасын былай түсінуге болады: егер біз жас ұрпақтар  жүрегіне  патриотизм сезімін, бірлік пен келісімді орната алмасақ, онда тарих бетіне мемлекеттілігімізді қалыптастыру жөнінде айшықты із қалдыра алмаймыз»,-деді студент сөз орайында.

Шығып сөйлеушілер арасында баяндама жасаған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Шахзода Расулованың да пікірі ешкімді бей-жай қалдырмады. Ол үштілділік тақырыбына байланысты өзіндік ойын білдірген болатын: «Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан үштілділік бағдарламасына айқын басымдық берілуде. Оған қоғам тарапынан да ерекше маңыз аударылуда. Бүгінгі күнге біз қаншалықты сүбелі үлес қосатын болсақ, болашақта оның қарымы еселеп қайтатын болады. Шындап келгенде, үштілділік бағдарламасы бізді нарықтық жағдайда бәсекеге қабілетті болуға үндейді»,-деді ол.

Іс-шараны қорытындылаған Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова ұлттық бірлікті құруда жастардың орны айрықша екенін тағы бір мәрте атап өтіп, елордалық жастарды ҚХА қызметіне белсенді түрде қатысуға шақырды. «Біз одақтастарды, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін дамыту мәселесіне қатысты жастар арасынан өз достарымызды іздейміз. Этностардың тілін, мәдениетін құрметтей және дамыта отырып, біз өзімізді биікке көтереміз»,-деді Л. Құсайынова.

Аталған конференцияға елеулі үлес қосқан жас қатысушылардың бәріне іс-шара соңында Алғыс хат табыс етілді.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.