Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ҮНДЕУІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Құрметті отандастар!

1 наурыз күні біз жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күнін атап өтудеміз. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.

Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды.

Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты.

Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз.

Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек көрсету – Дала халқы үшін жазылмаған заң. Мұндай дүниетанымның негізінде адамға деген шынайы құрмет қалыптасқан.

Отанымыздың тарихы мен жинақтаған тәжірибесінен асқақ гуманизмнің, адал ниет пен шынайы ризашылықтың мыңдаған дәлелдерін көруге болады.

Көптеген жылдар бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуы дара Көшбасшымыздың жетекшілігімен, қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар еңселі ел болуымызға негіз қалады.

Бұл - Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерін айқындап, Үшінші жаңғырудың міндеттерін абыроймен орындауға берік іргетас болып отыр.

Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер – патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады.

Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.

Біз, бүгін, ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының ұлдары мен қыздарына пана болған елдерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Біздің алғысымыз бен достығымызды қабыл алыңыздар!

Біз, 1 наурызда - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың іргетасы, Ұлт Көшбасшысы басқаратын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін атап өтеміз.

Халықтық Ассамблея өткен 22 жылда барлық 18 миллион қазақстандықты жалпыазаматтық тұғырнамаға топтастырды.

Бүгінгі таңда, Қазақстанның барша халқы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа елдегі бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық пен болашаққа деген сенім үшін асқан ризашылықпен ыстық ықыласын білдіреді.

Біз Елбасын, Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен құттықтаймыз, ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін баршаңызға ризашылығымызды білдіреміз.

Біз, тарихи зердені сақтау және біздің жалпыұлттық құндылықтарымызды еселеу арқылы ғана, біздің ортақ мақсатымыз – тұрақты, гүлденген және өркендеген Қазақстанды құратынымызға сенімдіміз!

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.