You are here

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы

09.11.2017, 16:34   420

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 9 қараша күні Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты.

Отырысқа сондай-ақ Парламент депутаттары, мемлекеттік  органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері, өңірлік ассамблеялар хатшыларының меңгерушілері мен ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері қатысты.

Мемлекеттік хатшы сөйлеген сөзінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда жүйені: экономиканы, саясат пен қоғамдық сананы қамтитын  ауқымды  жаңғырту басталғанын атап өтті.  

«Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы  Ассамблея жұмысына қуатты қарқын берді, - деді Г.Әбдіқалықова. -  ҚХА іс-шараларын іске асыруда осы бағдарламаға, «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуі жобаларына  әрбір этномәдени бірлестіктің қатысуына  басты екпін берілуі керек».

Мемлекеттік хатшы елде 1338 этномәдени бірлестіктің жұмыс істейтінін,  41 Достық үйі ашылғанын, 3 мыңдай Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс істейтінін айта келе,  500 мыңнан астам адам, 18 мыңнан астам ұйым 4,1 млрд теңгенің қайырымдылық көмегін алғанына тоқталып өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова еліміз 2018 жылы елордамыздың 20 жылдығын атап өтетінін атап көрсетті.  Астана – бұл Тәуелсіз Қазақстанның символы, Президент идеясының іске асырылуы және бүкіл халық еңбегінің нәтижесі. Сәйкесінше,  Мемлекеттік хатшы ҚХА іс-шараларының тиісті жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Отырыс барысында «ҚХА туралы» заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы, интерактивтік «Қазақстан халқы» тарих  картасын, көп функционалды мультимедиялық  порталды әзірлеу барысы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы  Павлодар облысының тәжірибесі талқыланды.

Кеңес ұйымдастыру мәселелерін қарап, ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасына «Бiрлiк» алтын медалімен, «Жомарт жан» төсбелгісімен, ҚХА Төрағасының құрмет грамотасымен және алғыс хатымен наградтауға арналған кандидатуралар бойынша ұсыныстар енгізді.

Дата события Ассамблеи: 

Бейсенбі, 9 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15