You are here

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ

07.11.2016, 19:03   248

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 7 қараша күні Тәуелсіздік сарайында  Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы өтті. 

Отырысқа ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, өңірлердегі ғылыми-сарапшылық топтардың жетекшілері, елдегі жоғары оқу орындары ҚХА кафедралары мен орталықтарының меңгерушілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес жұмысының барысында қазақстандық біртектілікті  азаматтық қағидатында нығайтудың тарихи және құқықтық аспектілері қаралып, этносаралық қатынастарды бірыңғай әлеуметтік зерттеу әдіснамасының өзекті мәселелері талқыланды.

ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов өз сөзінде қоғамдық келісім саясатының қалыптасуындағы ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңес жұмысының өзектілігі, азаматтық біртектілік пен ұлтаралық үйлесім тақырыптарына тоқталды.

Отырыс шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделіне арналып өткізілген ең үздік ғылыми жобасы бойынша республикалық байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды (1-Қосымша).

Также перед началом заседания состоялись презентации книги М.Ауэзова «Времен связующая нить» и Национального аналитического обзора, посвященного казахстанской модели общественного согласия и общенационального единства.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15