You are here

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМНІҢ 25 ЖЫЛЫ» ФЕСТИВАЛІ

09.12.2016, 17:11   727

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылы 9 желтоқсанда «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен, ҚХА этномәдени бірлестіктерінің Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» фестивалі болып өтті.   

Фестивальді ашарда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, қоғамда бірлестікті, келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі, мемлекетті дамытудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызы мен рөлін атап көрсетті, сондай-ақ корей, неміс және ұйғыр ұлттық театрларына академиялық мәртебе беру туралы өзінің шешімін жариялады.  

 

Фестиваль барысында ҚХА-ның жалпыреспубликалық жобалары: балаларға мемлекеттік тілді үйретуге арналған «Мың бала» жобасы мен «Қайырымдылық керуені» республикалық қайырымдылық акциясының қорытындылары шығарылды.   

Фестиваль шеңберінде этномәдени бірлестіктердің көркемөнер және кәсіби шығармашылық ұжымдарының театрлық,   вокалды-хореографиялық қойылымдары мен би  композицияларынан тұратын, этномәдени бірлестіктердің  «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» театрландырылған көрсетілімі қойылды.    

Онда Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жетістіктері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыхалықтық институтының бірегейлігі, қоғамның үйлесімді дамуының халықаралық эталоны ретінде танылған Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік моделі көрініс тапқан.     

Қойылымдарды көрсетуге Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің 47 шығармашылық ұжымы қатысқан. 

Іс-шараға Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, барлық облыстардан келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенді мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ЖОО ректорлары, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, шығармашыл ұжымдар, ғылым, шығармашыл зиялы қауым өкілдері, студенттер мен БАҚ  қатысты. 

Фестивальге қатысушылар мен келген қонақтардың жалпы саны 10 000 адамнан асты.  

* * *

Анықтама үшін:

Фестиваль бағдарламасы:

  1. Вокалдық-хореографиялық композиция «ӨЗ ЕЛІМ» (384 қатысушы);
  2. Музыкалық-аспаптық увертюра «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ КЕЛБЕТІ» (131 қатысушы);
  3. Театрлық-хореографиялық қойылым «ҚАЗАҚСТАН ЖЕРІ», ҚХА-ның «ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ» қайырымдылық акциясына қатысушылардың салтанатты шеруі (600 қатысушы);
  4. Театрландырылған қойылым «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАҚЫТЫ ҮШІН МЫҢ АЛҒЫС (285 қатысушы);
  5. Вокалдық номер «ҚАЗАҚСТАН, СЕН МЕНІҢ ЖҮРЕГІМДЕСІҢ (249 қатысушы);
  6. Балалардың вокалдық-хореографиялық қойылымы «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» (450 қатысушы);
  7. Голографиялық  экранда  проекциялауды пайдалана отырып, қойылған «БАЛҚАДИША – ҒАСЫРЛАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ» вокалдық номері (59 қатысушы);
  8. Жас спортшылардың өнер көрсетуімен ұштасқан вокалдық номер  «ЕЛ ЖАЛАУЫ ҰЛЫ ЖЕҢІСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ (370 қатысушы);
  9. Хореографиялық композиция «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КЕҢ ШАҢЫРАҒЫ» (745 қатысушы);
  10. Вокалдық-хореографиялық композиция «АТАМЕКЕН» (1500 қатысушы).

______________

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15