Қазақстан халқы Ассамблеясы Жеңіс күнімен құттықтайды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Құрметті отандастар!

Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді әрбір қазақстандық үшін  қасиетті де қастерлі мереке - 9 мамыр Жеңіс күнімен құттықтайды!

Біздің әкелеріміз бен аталарымыз қан майданда жан аямай шайқасып, ажалға қасқайып қарсы тұрды. Отан үшін отқа түсіп, шынайы патриоттықтың үлгісін көрсетті.

Сіздердің сұрапыл соғыстағы теңдесі жоқ ерліктеріңіздің, қайсарлықтарыңыз бен қаһармандықтарыңыздың арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүруде.
Бұл - біздің ортақ мұрамыз, Қазақстан халқының мызғымас бірлігінің жарқын үлгісі.
Ұлы Жеңіс күні - біздің мәңгілік мақтанышымыз, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. 
Ұлы Жеңіс туралы естелік ерлікке толы тарихымыздың ұмытылмас парағы радикализмнің, этноұлтшылдықтың және экстремизмнің барлық түрлерінен бас тартып, жалпыұлттық рухты, сенімді, достықты қалыптастырады. 
Оның негізі – Отанға, туған жерге, өзінің жақындарына және отбасына сүйіспеншілік, тұрақтылыққа, бейбітшілік пен келісімге деген тылпыныс болып табылады.

 

Ардақты ағайын!

 

9 мамырда еліміздің барлық қалалары мен ауылдарында қуаныш, шаттық орнап, ардагерлердің жүздеріне күлкі ұяласын, құшақтары гүлге толып, омырауларында медальдар мен ордендер жарқырасын, олардың ерлігі әрбір қазақстандықтың жүрегінде мәңгі сақталады.

Баршаңызға денсаулық және бақыт тілейміз! Жеңіс күні құтты болсын!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.