You are here

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ МЕН ДОНОРЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

08.12.2017, 21:00   384

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 8 желтоқсан күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Astana Music Hall кешенінде Қайырымдылық ұйымдары өкілдері мен донорлардың республикалық форумын өткізді.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Д.Мыңбай, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары  В.Божко, ҚР Кәсіпордақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік бағыттағы орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚХА мүшелері, өңірлік делегациялар - қайырымгерлер, меценаттар, демеушілер, қайырымдылық ұйымдары мен қорлардың, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚХА-ның қайырымдылық жобаларының қатысушылары, БАҚ қатысаты.

«Мен Қазақстандағы барлық қайырымгерлердің атын атағым келеді. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі олардың саны көп, жылдан-жылға ұлғайып келеді. Біз бүгін ең үздіктерін  жинап отырмыз. Барлық қайырымды жандарға алғыс айтқым келеді. Біздің қайырымгерлер өздері жасап жатқан игі істерін жариялағанды жақсы көрмейді. Олар 950-ден астам адам қатысқан бір жарым мың іс-шара өткізді. Қайырымдылық арқылы біз барша адамды біріктіре аламыз», - деді өз сөзінде Дархан Мыңбай.

Форумда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» республикалық акциясының  қорытындысы шығарылып, қайырымдылықты дамытудың және «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Одан басқа, іс-шара  аясында биылғы жылы Мемлекет басшысы азаматтардың меценаттық және қайырымгерлік қызметті дамытудағы еңбегін көпке таныту және ынталандыру үшін тағайындаған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісі тұңғыш рет салтанатты түрде тапсырылды.

***

ҚХА-ның XXII сессиясында Мемлекет басшысы мүдделі органдармен бірлесіп, елдегі барлық қайырымдылық акцияларын ҚХА қамқорлығы аясында жүргізу мәселесін пысықтауға тапсырма берді. 

2015 жылғы 16 қарашада қабылданған «Қайырымдылық туралы» № 402-V ҚРЗ сәйкес,  Ассамблея осы салада үйлестірушілік және өзге де қолдауды көрсете отырып, елде қайырымдылықтың дамуына жәрдемдесуі керек. 

«Қайырымдылық керуені» акциясы – қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру мен қазақстандықтардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейтуге бағытталған жоба. Ол Ассамблеяның әлеуметтік жобаларының қисынды жалғасы болып табылады.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 11 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15