Кавказ мәдениеті фестивалі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

30 маусымда елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы Астана күні қарасаңында және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін мерекелеу шеңберінде кавказ мәдениетіне арналған фестиваль ұйымдастырды. «Этнос күні» екінші мәрте өткізіліп отырғанын атап өтуіміз керек.

«Этнос күні»  - бұл жыл бойы өткізілетін іс-шаралар. Оларда көрермендер шығыстың, кавказдың, еуропа мен славян халықтарының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен кеңінен танысып, қонақжайлылықтың әсем көріністеріне куә болады. Аталған іс-шара елордамыздағы этномәдени бірлестіктердің жетістіктерін паш етуге және осында тұрып жатқан этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған.

Астананың Орталық саябағындағы сахнада көрсетілген кавказ этномәдени бірлестіктері өкілдерінің шығармашылығын жан-жақты танытатын тамаша мерекелік іс-шара көпшілікке жақсы әсер қалдырды.

Кавказ аймағының ежелгі тарихы тамыры тереңде жатыр. Оның бай мәдениеті мен өзіндік ерекшелігі бар. Ұлттық құндылыққа негізделген кавказ билері бесенеден танымал. Фестиваль бағдарламасы бойынша этномәдени бірлестіктердің хореографиялық және вокалдық шығармашылық өнерлері жұртшылыққа ұсынылды. Кавказдың  лирикалық әндері адам баласын ерекше күйге бөлейтін болса,  лезгин биі шыдамдылық пен шеберлікті талап етеді. Сондықтан бұл жолы да олар өз өнерлерін аса шеберлікпен орындай білді. «BAR BARS» спорт командасы атынан шыққан  атақты спортшылардың да көрсетілімі жұртшылық көңілінен шықты.

Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Хазар» әзірбайжан қоғамдық бірлестігі» этномәдени бірлестігінің, «Ван» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» этномәдени  бірлестігінің концерттік-ойын-сауық бағдарламасын тамашалауға мүмкіндік жасалды.

«Этнос күні» - бұл жай мереке емес, ол көпұлтты Қазақстанның мәдениетінің құнарлы өзегі болып саналады. Сондықтан осы жолғы «Этнос күні»  іс-шарасының басты нышаны болған «Достық кілемі» барлық халықтың және елорда тұрғындарының бірлігі мен келісіміндей қалың қауымға керемет әсер қалдырды. Сахна ортасына шығарылған кілемнің ортасындағы қазақ оюы, оған жалғасқан 24 этномәдени бірлестіктердің ұлттық ою-өрнектері біздің еліміздегі бірлік пен келісімді танытады. Жыл соңында «Этнос күні» іс-шарасының қорытындысында «Достық кілемі» таныстырылымы өткізіледі.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.