You are here

Қарттар мен мүгедектер үйінде өткен қайырымдылық акциясы

29.03.2016, 18:37   1646

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 24 наурызда Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ-де (Көктал ауылы, Аққорған к., 2) «Наурыз мейрамына» орайластырылған жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде өткізілген акцияны ұйымдастыруға Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы және Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ мұрындық болды.

«Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Әбілдинов: «Қариялар, ең алдымен – біздің ақылшымыз, кеңесшіміз. Олардың өсиеті, берген батасы біздерді жаңа белестерді бағындыруға жігерлендіріп, рухымызды көтереді. Біздің бүгінгі таңдағы басты мақсатымыз - халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына көңіл бөліп, қамқорлық жасау, олар өздерін тіршілік ағымының толық әрі белсенді қатысушысы ретінде сезінуі үшін ілтипат пен сүйіспеншілікке бөлеу».

Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бас маманы Гүлнар Тайгокова: «Аға буынға қамқорлық жасау – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған басты міндеттердің бірі. Қалалық Ассамблея қызметкерлері көп жылдан бері Қарттар мен мүгедектер үйінде қалалық этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарынан «Достық дастарқанын» жайып, шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасын қойып, сый-сияпаттарын жасап келеді».

«Халқымыздың бақытты да беймарал күн кешуі – бұл елімізде салтанат құрған бейбітшілік пен тыныштықтың нәтижесі. Менің замандастарым талай қиындықты бастан өткерген еді. Ал қазір, тәуелсіздігіміздің арқасында – үйлерімізде татулық, молшылық, бақ-береке орнаған. Оны бағалай білу, сақтай алу біздің парызымыз. Адамдардың, әсіресе, балалар мен жастардың санасында адамды рухани, адамгершілік тұрғыдан тәрбилейтін құндылықтардың болуы қуантады», - деседі қарттар үйінің тұрғындары.

Айта кету керек, елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл акцияны тұрақты түрде өткізіп отырады. Биылғы, 2016 жылғы акция Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын іске асыруға бағытталған. Өйткені бұл акцияның қоғамдық келісімді қалыптастырудағы және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы әлеуметтік ролі зор.

   

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-57 / +7707-310-53-54/

WhatsApp - 7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15