Қарттар күніне арналды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осы жылдың 10 қазанында Астана қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы халықаралық қарттар күніне байланысты ардагерлерді құрметтеуге арналған мерекелік іс-шара өткізді. Бұл күнгі Қазақстан халқы ассамблеясының құрметті мүшелері мен қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне арналған игі іс-шараның өте жоғары деңгейде болғанын атап өткен жөн.

Қазақстан тұрғындарының төрттен бірінен асатын еліміздегі ардагерлерге мемлекет тарапынан  айрықша қамқорлық жасалып отыр. Анығын айтқанда, ардагерлерге деген осынау ізгі құрмет мемлекет саясатының басым бағыттарының біріне жатқызылған.

Мерекелік іс-шара кезінде қоғам қайраткері, «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» ҚБ қалалық филиалының мүшесі, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы мен қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі А.Х. Сыздықов халықаралық қарттар күнінің маңызын атап өтіп, ардагерлерге айрықша қамқорлық көрсетілетінін, олардың еліміздің мықты тірегі, салт-дәстүрлерді сақтаушы және қазақстандық жас ұрпақтардың бойына патриотизм дәнін егуші екенін мәлімдеді.

Қалалық ассамблеяның қатарында көптеген ардагерлер бар. Атап айтар болсақ, белгілі журналист, «Алеф» еврей мәдени орталығының төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, 90 жастан асқан Гольдберг Моисей Михайловичтің елімізге сіңірген еңбегі зор. Сонымен бірге, елеулі еңбегімен құрметке бөленген өндірісші, басшы, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы С.С. Героевті мақтанышпен айтамыз.

Бұрынғы Целиноград облысының жергілікті тұрғындары қалалық көлік жүйесінде қызмет істеген маман және қазіргі «Беларусь» мәдени орталығының төрағасы А.Ф. Романовті жақсы біледі. Бұл азаматтың да еліне сіңірген еңбегі зор. Осындай беделді де белсенді, өмірбаяны мағыналы шежіреге толы азаматтар қалалық ассамблеяның қатарында көптеп саналады. Бұл өз кезегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы институтының беделі зор екенін айғақтап тұр.

Аталған мереке алғаш рет ұйымдастырылғанымен, ассамблея қатарына жаңадан қосылған жастарға үлкен өнеге болды. Маңызды мерекеде бас қосқандар бір-бірлерімен емен жарқын жағдайда әңгімелесіп, қоғамның өздеріне жасаған ерекше қамқорлығына ризашылықтарын білдірді.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 12 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.