You are here

Этномәдени бірлестіктерінің күндері аяқталды

03.11.2016, 21:16   433

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында, 17  қазаннан 2 қарашаға дейін Астананың білім беру мекемелерінде елордалық этномәдени бірлестіктердің күндері өтіп, онда мерекелік концерттер қойылды, шеберлік сабақтары өтіп, халық шығармашылығының көрмелері ұйымдастырылды.

Осы уақыт аралығында көрермендер этномәдени бірлестіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметі туралы тереңірек біліп қана қоймай, Қазақстан аумағында тұратын этностардың бай мәдени мұраларымен, өнерлерімен, салт-дәстүрлерімен кеңірек танысты.

19 қазан күні «Поляки» қоғамдық бірлестігі концерт қойып, өз бірлестіктері туралы мағлұматтар берді. Жиналғандарға «Поляки» ҚБ жексенбілік мектебінің поляк тілінің оқытушысы пани Мария өзі қызмет атқаратын бірлестік туралы толығырақ әңгімелеп берді. Ал, «Алеф» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Горбунов Никалай ұйымдастырған қолданбалы өнер көрмесі көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Сондай-ақ оның еврейлердің ұлттық аспабы «шафар» туралы айтқаны және оқушылар арасында аспаппен ойнаудан өткізген шағын шеберлік сабағы қатысушыларды өзіне баурап алды.

Осындай игілікті іс-шара 26 қазан күні №31 мектеп-гимназиясында да өтті. Онда «Парвиз» тәжік мәдени орталығы мен «Лад» республикалық славяндар қозғалысының филиалы жасөспірімдерге тамаша концерт қойып берді. Іс-шара барысында «Лад» орталығының әндері мен билері және тәжік мәдени орталығының өнерпазы Мигунова Назираның флейта аспабында орындаған музыкалық шығармасы жиналғандардың көңілінен шықты.

Өз кезектерінде өзбек, күрд, және беларусь этномәдени бірлестіктері де 28 қазан күні «Лингва» шет тілдер колледжінде өз ұлттарының әндері мен билерін көпшілікке ұсынды. «Радима» беларусь мәдени орталығының жетекшісі Д.Останьковичтің дирижерлық етуімен салынған әндер көрермендердің көңілін көтерді. Ал «Пайтах» өзбек би ансамблінің жас орындаушылары орындаған «Хоразым» биі жиналғандарды бір желпінтіп тастады.

Этномәдени бірлестіктердің күндерін мерекелеу 2 қараша күні Қазақ гуманитарлық заң университетінің көрермендер залында өткен үлкен концертпен аяқталды. Онда болашақ заңгерлерге «Вайнах» шешен-ингуш, «Ван» армян және кәрістердің этномәдени бірлестіктері өз өнерлерін тарту етті. Әсіресе «Вайнах» этномәдени бірлестігінің би ансамблінің бишілері көрермендерге өздеріне тән ерекше қызуқандылықты жеткізе білді. Сонымен қатар, «Мисон»  хореографиялық ансамблі өзінің өнерімен қуантты. Олардың желпуіш және қолшаммен көрсеткен ырғақты билері көпшіліктің ықыласына бөленді.

Этномәдени бірлестіктер күндерінің салтанатты ашылуы 17 қазан күні елордалық көлік және коммуникациялар колледжінде өтті. Онда өз өнерлерін алғашқы болып «Возрождение» немістер қоғамы, «Қырғыстан-Астана» қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы көрсеткен болатын.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15