You are here

Этномәдени бірлесіктер күндерінің ашылуы

19.10.2016, 12:03   601

Версия для печатиPDF versionEPUB version

 17 қазан күні, елордалық Көлік және коммуникациялар колледжінде Қазақстан халқы Астана қалалық ассамблеясы Этномәдени бірлестіктер күндерінің ашылуын өткізді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған мерекелік жиынға Астана қаласының этномәдени орталықтары, оқу орындарының оқытушылар құрамы, сондай-ақ студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Ассамблеяның қолдауымен ұйымдарылып отырған бұл іс-шараның басты мақсаты Қазақстанда тұрып жатқан этностардың өзіндік әлеуметтік-мәдени мұрасын жандандыруға  және сақтауға, этносаралық қарым-қатынастарды нығайтуға, жасөспірімдерді рухани-өнегелілікке және патриоттыққа тәрбиелеуге негізделген. Бұл күні қала жастарын өздерінің ұлттық әдет-ғұрып және салт-дәстүрлерімен таныстыру мүмкіндігі «Возрождение» немістер қоғамына, «Қырғызстан-Астана» қоғамдық бірлестігіне, сондай-ақ «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығына түсті.  

«Қырғызстан-Астана» этномәдени орталығының төрағасы Шавкат Исмаилов өткізіліп жатқан салтанатты іс-шараның зор мәнділігін ескере отырып, ұлттық мәдениетті өзара байытудың арқасында ұлтаралық бейбітшілік пен тұтастықты сақтау маңыздылығын атап айтты: «Басқа халықтың мәдениетімен танысқан кезде, оны түсініп құрметтей бастайсың. Осылайша осы халықтың негізінде, қазақ, қырғыз немесе орыс болсын, олардың бойында дәл сіздердегі құндылықтардың барын аңғара бастайсың. Бұл - бір-бірімізге, мәдениетіміз бен салт-дәстүрлерімізге деген құрмет».

Іс-шараның барысында келген қонақтар қазақ жерінде тұрып жатқан этностардың мәдени құндылықтарының түрлілігі мен бейнелілігіне куә болды.

Осы күні, олар «Қомыз» қырғыз ұлттық аспабының тарихи мәнін біліп, «Таң» этномәдени орталығының «Дуслык» музыкалық ансамблінің орындауындағы бірқатар әндерді («Суда-суда», «Сагыну», «Жомга», «Сабантуй») сүйсіне тамашалады. Одан басқа, «Возрождение» қоғамдық бірлестігінің жас таланттары қазақ және неміс тілдерінде өз өнерлерін ортаға салып, көрермендер назарында жағымды әсер қалдырды.

Салтанатты концерттің аяқталу мәресінде қатысушылар мәңгі достастық пен адал серіктестіктің белгісі ретінде бір-біріне кішігірім сыйлықтарды тарту етті.

Қаланың түрлі білім беру мекемелерінде  этномәдени бірлестіктер күндерін мерекелік атап өту іс-шаралары ағымдағы жылдың қазан айынан бастап қараша айы бойы жалғасатынын естеріңізге саламыз.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15