«Еркін сөйле» пікір алмасу жиыны өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша «Жастар жаңғыру жолында» атты ерекше форматтағы «Еркін сөйле» пікір алмасу жиыны өтті.

Шара барысында «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» кітабы таныстырылып, «Діни ағарту рухани жаңғырудың бөлшегі ретінде», «Діни ашықтық – қоғамның рухани жаңғыруының кілті» деген тақырыптарда және деструктивті діни әрекетке қарсы іс-қимыл әдістері талқыланады.

«Еркін сөйле» неконференциясы – Қазақстан халқы Ассамблеясының бірегей бастамасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының әлемнің үздік 100 кітабын аудару аясында және ассамблеяның кезекті сессиясы мен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында өтіп жатыр. Бүгінгі еркін сөйлеу форматына қоғам белсенділері, дінтанушылар, республикалық жастар қозғалысының өкілдері қатысып, іс-шараға атсалысып отыр. Пікір алмасудың нәтижесінде рухани жаңғырған қоғам шығады деп отырмыз», - деді осы жиынның модераторы, ҚХА мүшесі, «Ахыска» түрік мәдени орталығының жетекшісі Әскер Пириев.

 

Модератор неконференцияда сөз сөйлейтін спикерлер арнайы таңдап алынғанын атап өтті.

«Өте белсенді, рухани жаңғыру аясында талай іс атқарған және де «100 жаңа есім» қатысушыларын күтіп отырмыз. «100 жаңа оқулық» жобасының қатысушылары келіп аударылған оқулықтарды таныстырады. Бұл талқылаудың ерекшелігі – ең алдымен жастарды тыңдау, олардың пікіріне құлақ түру және оларға қажет ақпаратпен бөлісу. Екі сессиядан тұратын неконференцияда қазіргі қоғамымызды мазалайтын кейбір мәселелер де талқыланады», - деді ол.

Ал жиынның тағы бір спикері, Халықаралық Түркі академиясының профессоры Амантай Шәріп «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында британдық ойшыл Карен Армстронгтың «Құдайтану тарихы» кітабы ЖОО-дағы гуманитарлық мамандықтарда білім алатын студенттердің оқулығына айналатынына сенімді.

«Президенттің «Рухани жаңғыру» мақаласынан кейін құрылған ұлттық аударма бюросы әлемдегі ең үздік деген 100 оқулықты қазақ тіліне аударуды қолға алып, былтыр философия, әлеуметтану, психология, экономиканы қамтыған 18 кітап аударылды. Сол аударылған кітаптардың ішінде британдық ойшыл, әйгілі ғалым, теолог, публицист Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабы бар. Бұл кітап қазір әлемнің 40-қа жуық тіліне аударылған. Ғалымның неліктен бұл кітабын таңдап алдық, себебі аударма бюросы бірнеше өлшемдерге қарай отырып Армстронг шығармашылығының ұйытқысы болған «Құдайтану тарихы» деген кітабына тоқтады. Кітап әзірленіп, жақында ғана жарыққа шықты», - деді профессор.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 19 Cәуір, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.