Еңбек миграциясы мәселесі бойынша дөңгелек үстел

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Бүгін «Іскер» бизнес орталығында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен адам саудасына қарсы іс-қимылдар және еңбек миграциясы саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимыл әлеуетін арттыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді Астана қаласы қырғыз этномәдени бірлестігі және «Жария» халықаралық орталығы» бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік органдар, Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы, дипломатиялық өкілдіктер, Астана қаласы ІІМ, ІІД, Астана қаласының Көші-қон полициясы басқармасының өкілдері, сондай-ақ этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар, Астана қаласы ҚХА-ның ғылыми-сарапшылық тобы, ғалым-сарапшылар, еңбек мигранттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысушылар Астана қаласындағы еңбек мигранттарына қатысты мәселелерді, соның ішінде үй қызметкерлері, олардың жұмыс шарты, құқықтық сауаттылығы, жұмыс берушімен өзара қарым-қатынасы, олардың қызметтерін заңдастыру, еңбек миграциясының Астана қаласындағы әлеуметтік тұрақтылыққа әсері және еңбек мигранттарының Қазақстанда әлеуметтік-мәдени бейімделуіне қатысты мәселелерді талқылады.

«Еліміздегі экономикалық даму мен халық әл-ауқатының жақсаруы - түрлі саладағы еңбек мигранттары санының артуына себеп болды. Негізінен, мигранттар құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласында қызмет етеді, одан қалса үй шаруасы саласында - бала күтімі, аспаз сынды қызметтерді атқарады. Бұл өз кезегінде еңбек көші-қоны саласындағы түрлі мәселелердің туындауына алып келеді», - дейді дөңгелек үстел модераторы, Астана қ. қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов.

Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның бас көмекшісі Жұмажан Жолдасбеков: «Бүгінгі дөңгелек үстел – мигранттар мәселесі бойынша жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың көрінісі, атқарылып жатқан істердің қисынды жалғасы. Қоғамдық кеңестер қызметі атқарушы билік органдарының азаматтық қоғаммен өзара тиімді ынтымақтастық етуіне себепкер болады».

ҚР ІІМ Қылмыстық саясат департаментінің адам саудасымен күрес бөлімінің басшысы Әнуар Әскеров өз баяндамасында: «Тиімді профилактикалық шаралардың бірі ретінде – 116-16 ұлттық сенім телефонын атауға болады. Ондағы операторлар тәулік бойы үзіліссіз режимде жұмыс істейді және көші-қон, адам саудасы мәселесіне қатысты барлық сұрақтарға жауап беруге дайын. Бұдан бөлек Астанада адам саудасы құрбандарына арналған оңалту орталығы жұмыс істейді. Бұл мекемеде психологиялық, медициналық және құқық пен заң тұрғысынан көмек көрсетіледі. Бүгінгі таңда елімізде адам саудасы мәселелері бойынша тиімді әрекеттесуге мүмкіндік беретін заңнамалық база құрылған», - деп атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасу нәтижесінде еңбек миграциясына және адам саудасына қарсы іс-қимылдар саласындағы мемлекеттік, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылдарын әрі қарай дамыту бойынша шаралар әзірледі.

 

   

_____________________________

Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім»

при акимате города Астаны:

тел. 24-98-57 / +7707-310-53-54/

WhatsApp - 7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.