You are here

Елордадағы татар-башқұрт жексенбілік мектебінде жаңа оқу жылы басталды

11.09.2017, 17:15   476

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 10 қыркүйекте елордадағы (Республика даңғылы-35) №3 орта мектептің мәжіліс залында татар-башқұрт жексенбілік мектебінің жаңа оқу жылының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Астана қаласы «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының қолдауымен және мектеп ұстаздар қауымының ұйымдастыруымен өткізілген осы мерекелік іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілдігі, мемлекеттік және муниципальды органдар мен мекемелердің өкілдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, мектептің алғашқы және кейінгі түлектері, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

Іс-шара қонақтарына онжылдық мектептің негізгі бағыты таныстырылып, ол бойынша 2017-2018 оқу жылдары кезеңі аралығына жоспарланған жұмыстар мен тәртіптер мәселесі сөз болды. Сонымен, «мемлекеттік тілдің элементімен татар тілін оқыту» жұмысы жоспарда тұр. «Татар және башқұрт халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына» басымдық беріліп, «халықтық-қолданбалы өнер шығармашылығы» қолға алынады. «Хормен ән айту және сахна мәдениеті» мен «хореографиялық және ұлттық билер» секілді дәрістерге де кезек берілген. Бұдан өзге, оқушыларды әртүрлі байқауларға, мерекелік іс-шаралар мен фестивальдерге қатыстыру бойынша дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізіледі. Осы білім ошағындағы шәкірттер тәжірибе жүзінде сахнада өзін еркін ұстауды меңгере отырып, жұртшылық алдында татар тілінде мәдениетті сөйлеуге үйренеді, сондай-ақ өз ұлтының мәдениетіне терең бойлайды.

Мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын құттықтауға Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілі Р.Ф. Валиуллов келді. Рустем Файзрахманович ұзтаздар мен оқушыларға ізгі тілегін арнап, татар тіліндегі жаңа оқу құралдарын тарту етті. Сонымен бірге ол оқу сапасы мен шығармашылықта жоғары жетістіктерге қол жеткізген оқушылардың өздерінің ата-аналарымен бірге Қазан қаласында бір апталық сапармен бола алатындары туралы ұсынысын айтты.

Жиында Қазақстан Республикасындағы татар мен башқұрлар конгресінің төрағасы Тауфик Акрамович Каримов өз халқының мәдениеті мен ана тілінің маңыздылығын жан-жақты айтып берді. Сөз орайында ол барлық қатысушыларға жаңа оқу жылына табыс тілеп, автор ретіндегі кітаптары мен белгілі татар жазушыларының шығармаларын да тарту етті.

«Таң» татар-башқұрт мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рафик Гарифович Валиев жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтап, биылғы жылғы жаңадан толыққан оқытушы құрамға игі жетістіктерге жетуіне сенім білдірді. Рафик Гарифовичтің мәлімдегеніндей, осы жылдың қазан айында бұл мектеп өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтетін болады. Сондықтан ол баршаны маңызды датаны бірлесіп жоғары деңгейде өткізуге шақырды.

Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, меценат Гүлнәр Данифқызы Өтепова ұстаздар қауымы мен оқушыларға жоғары жетістіктер мен зор денсаулық тілеп, татар-башқұрт жексенбілік мектебінің барлық оқушылары «Ая» медициналық орталығынан толық тексеруден өте алатынын, қандай да бір сырқат анықталған жағдайда ем ала алатынын жеткізді.

Мерекелік іс-шара кезінде жаңа оқу жылының басталуымен Астана қаласы Білім басқармасының өкілі Роза Қасымқызы Қазақбаева, мектептің алғашқы түлегі Роман Ахатов және елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері құттықтады.

Салтанатты жиынның негізгі бөлігін қорытындылау сәтінде бірлестік шығармашылық ұйымының және татар-башқұрт жекесенбілік мектебі ұстаздарының қатысуымен бірге мерекелік концерт болып өтті.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 11 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15