«Достық жолымен» атты сурет көрмесі

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі жұмысының шеңберінде «Достық жолымен» атты сурет көрмесінің ашылу салтанаты болып өтті.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы – елордалық  Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Сурет көрмесінің мақсаты – қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеу, келушілерге тәуелсіз Қазақстанның және Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи қалыптасуын, жарқын дамуын таныстыру.

Көрменің ашылу салтанаты кезінде құттықтау сөз сөйлеген Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.С. Құсайынова: «Көрмеге елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихын ашып көрсететін бірегей суреттер қойылды»,- деп тоқталып өтті.

«Достық жолымен» көрмесі - бұл қазақстандық фотографтардың әріптестік жобасы болып саналады. Аталған жоба жұмысының авторлары - Владимир Курилов, Василий Крась, Нұрсұлтан Байбулин және Жеңіс Ағыбай.

«Ашылып отырған көрме белгілі фотограф Владимир Куриловтың құрметіне арналған. Владимир Курилов Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі әрі біздің қаламыздың шежірешісі болған. Ол Ассамблея өмірінің алғашқы күнінен бастап жарқын тарихи мұрағат болып саналатын суреттерді жинаған», - деді өз сөзінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің профессоры, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.К.Әлпейісов.

Василий Крась - қоршаған ортаны келісті суреттеуші ретінде «Өз мамандығының үздігі» аталымы бойынша Құрмет дипломының иегері.

Жақсы фотограф жазушы және ғалымнан кем түспейді. Сондай-ақ жас та болса өз істеріне кәсіби жауапкершілікпен қарайтын фотографтар Нұрсұлтан Байбулин мен Жеңіс Ағыбайды атап өтуге болады. Олар елорда өмірінің әсем көріністерін барлық қырынан көрсетіп келеді.

Көрмеге 50-ден аса жұмыстар ұсынылды, олардың әрқайсысы қоршаған ортаның әсемдігін, біздің достығымызды және бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді паш етеді.

Көрме қатысушылардың кең ауқымына арналған, ол елорда тұрғындары мен қонақтарының зор қызығушылығын туғызатыны күмәнсіз.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.