You are here

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелері туралы

21.09.2017, 16:43   610

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 20 қыркүйекте елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы  Астана қаласы дін істері жөніндегі басқармасымен және Астана қаласы діни зерттеулер орталығы қауымдастығы  «Жедел байланыс-114» сарапшыларымен бірлесіп, Астана қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері үшін   алғаш рет қоғамдық қабылдау үлгісінде діни экстремизм мен терроизмнің алдын алу мәселесіне арналған жиын өткізді.

Бұл іс-шараның басты мақсаты - халыққа бүлдіргіш күштердің діни ағымдарына қатысты ақпарат беру және осындай ұйымдарға қарсы тұру, олардың ықпалына түспеу туралы  қоғамдық пікірді қалыптастыру.

Жиында бүлдіргіш діни ағымдарына қарсы әрекет жасау әдістері туралы Астана қаласы өзбек эномәдени орталығының төрағасы, халықаралық медиатор және «Жедел байланыс-114» сарапшысы (ислам дінін зерттеуші) Ш. А. Пулатов айтып берді: «Егер, біреу сізді айналшықтап, қандай да бір ақпарат алғысы келіп,  басынды айналдырса немесе әлдеқандай семинарға шақырса, онда сізде екі таңдау бар.  Бірінші таңдау-одан теріс айналып, кетіп қалу. Бірақ, екінші таңдаудың да бар екенін  ұмытпаңыз: жылы шыраймен оған арнайы бірнеше сұрақтарды қойып, тиянақты жауап беруді талап етіңіз. Осының нәтижесінде сіз ол айтқан ғибадаттың төркінін пайымдай аласыз», - деді ол өз сөзінде.

Астана қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің Терроризмге қарсы  орталығының өкілі  дінге қатысты білім барлық қазақстандықтарға  қажет екендігін  түсіндірді. Ұлттық Қауіпсіздік комитеті департаментінің Терроризмге қарсы  орталығының негізгі мақсаттарының бірі – қоғамның террорлық қауіп-қатерлерге дайын болун қалыптастыру. Сонымен қатар, аталмыш іс-шара барысында қатысушыларға, қоғамның толеранттыдіни сана және радикалды идеологияга қарсы иммунитеттің қалыптасуына бағытталған арнайы дайындалған видеотүсірілім көрсетілді.

Астана қаласы этномәдени бірлестіктері өкілдерімен болған бұл кездесуде дін төңірегіндегі тақырыптар кеңінен талқыланып, әңгімелесу сұрақ-жауап үлгісінде өткізілді.

2017 жылғы 20 қыркүйек пен 24 қазан аралығында елорда этномәдени бірлестіктерімен  және жастар қанаттарымен  жоғарыда аталған үлгідегідей бес кездесу өткізіледі.

Дата события Ассамблеи: 

Бейсенбі, 21 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15