You are here

Бүгінгі бейбітшілік келісімі-ол мәңгілік! Елордалық №-6 емхана қызметерлерімен кездесу

16.07.2015, 16:32   3391

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылдың 16 шілдесінде «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филалы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен елордамыздағы №6 емхана қызметкерлерімен және осындағы этномәдени бірлестік өкілдері мен мемлекеттік орган қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Бұл маңызды іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне арналды.

Аталған кештің модераторы №6 қалалық емхананың бас дәрігері, бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәкен Есбергенов өз сөзінде Қазақстанда этносаралық келісімді нығайтуға айқын басымдық беріліп отырғанын атап өтті. «Бүгін біз аса маңызды Ассамблея жылы құрметіне бас қосып отырмыз. Бұл жай бас қосу емес, осы жолы біз бірлігімізді нығайтатын келелі істерді бірлесіп талқыламақпыз. Жалпы айтқанда, еліміз Ассамблеясы өзге мемлекеттерге толеранттылық пен патриотизмді қалыптастырушы жүйе ретінде танымал»,-деді бас дәрігер. Сөз орайында ол елордамызда түрлі этностардың этномәдени бірлестіктері қызмет жасайтынын, осы арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жандандыруға, бір-бірімізді етене білуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуға мүмкіндік жасалатынын да айтты.

Кездесуге қатысқан Астана қалалық мәслихатының депутаты Сайфудин Хамхоев Қазақстан халқы Ассамблеясы беделді бірегей институт екенін мәлімдеп, 20 жылдығы аталып, аты аңызға айналған Ассамблея құрылымын біздің қоғамдағы жалпыхалықтық, жалпыадамзаттық келісімді және бейбітшілікті сақтаушы іргелі саяси жүйе ретінде қарастырды.

Өз кезегінде сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Алматы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, халықаралық байқаулардың лауреаты және Польша Республикасының құрметті мәдениет қайраткері  Бибігүл Ысқақова медицина қызметкерлерінің тынымсыз еңбегіне ыстық ықыласын білдірді. Осыдан кейін көпшілік алдына шыққан Астана қаласындағы Алматы аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Татьяна Левченко  еліміздегі тұрақтылықтың орнауына Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз екенін  мақтаныш сезіммен жеткізді. Оның айтуынша, Ассамблея қазақстандық біртектілікті қалыптастырушы жүйе ретінде әрі әлеуметтік  институт ретінде патриотизм мен рухани-мәдени әлемді ізгілендіруге қызмет жасайды.

«Қазақстандық дүнгендер қоғамы» ҚБ төрағасының орынбасары Зульфия Муханаева сөзінен жалпы елімізге деген ризашылықтың лебі есті. Ол қуғын-сүргін кезінде қазақ халқының түрлі ұлтқа қол ұшын бергенін, бір үзім нанды бөліп жегенін айта келе, біз дүнгендер осындай киелі жерде тұрғанымызды мақтан етеміз және өзімізді қазақстандықтармыз дейміз деді толқып.

Елорданың Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сөйлеген Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас сарапшысы Аделия Тухбатова жұртшылық назарын өзі қызмет жасайтын саланың негізгі міндетіне аударды.  Сөз ретінде ол «ҚХА 20 жылдығына - 20 игі іс» эстафетасы шеңберінде 15-тен аса қайырымдылық акциясы өткізілгенін мәлімдеді.  Сол іс-шара аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, тыл ардагерлеріне, қарт кісілерге, мүгедектерге, көп балалы отбасыларына және тұрмысы төмен  отбасылар балаларына қолдау көрсетілген. Қорытынды сөзінде Аделия Тухбатова емхана бас дәрігеріне естелік сыйлық ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жөнінде жазылған кітапты табыс етті.

Жиынды қорытындылау сәтінде Сәкен Жетпісбайұлы іс-шараны өткізушілер мен қатысушыларға алғыс сезімін білдіріп, осы мазмұндағы шараны алдағы уақытта да өткізу қажеттігін баса айтты.

 

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-777-310-53-56

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15