«Біздің Отанымыз - Мәңгілік Қазақстан»! жас суретшілер конкурсының жеңімпаздары анықталды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

30 қарашада №18 орта мектепте Астанадағы көркемөнер мектебінің оқушылары арасында «Біздің Отанымыз - Мәңгілік Қазақстан»! атты жас суретшілер байқауы өтті! Аталған іс-шараны Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізді.

Жыл сайын өткізілетін қалалық байқаудың мақсаты-жас ұрпақтарды патриоттық рухта тәрбиелеу, таланатты балаларға қолдау көрсету және оларды ынталандыру арқылы шығармашылығын дамыту, жаңа жасампаз идеяларды іске асыруға себепкер болу.

Астана қаласы көркемөнер мектебі оқушылары арасында өткізілетін «Біздің Отанымыз-Мәңгілік Қазақстан»! атты жас суретшілер байқауына мемлекеттік органдардың, елордамыздағы этномәдени бірлестіктердің  сондай-ақ Астана қаласындағы көркемөнер мектебінің ұстаздары мен оқушылары шақырылды.

Шығармашылық байқауға түрлі жас санаттарында қаланың 77 жас суретші өнер мектептерінің оқушылары қатысты. Конкурстың жеңімпаздары: 9 жасар суретші Адина Намазалы, Сатывалдеева Ақмарал - 11 жаста, жасөспірімдер тобында Әубәкірова Жақет, Матьевич Татьяна жоғары санатты жеңіп алды. Жеңімпаздар мен қатысушылар бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Қазылар алқасының өкілетті мүшелері Отанымыздың тағдырына және оның тарихына деген мағынасында шығармашылықпен, өзіндік ерекшеліктерімен, моральдық құндылықтарымен танысу дағдыларын бағалады.

«Біздің Отанымыз - Мәңгілік Қазақстан»! жас суретшілер байқауы жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін анықтауға бағытталған қалалық іс-шара.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 30 Қараша, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.