You are here

«Бізді біріктіретін Қазақстан» баспасөз конференциясы

09.12.2016, 17:16   768

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 9 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде  ҚР Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Бізді біріктіретін Қазақстан» атты баспасөз конференциясы өтті.  

Баспасөз конференциясының спикерлері ҚХА Төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, бес дүркін олимпиада ойындарының, екі дүркін Еуропаның және көп мәрте КСРО чемпионы КИМ Нелли Владимировна, ресейлік саяси және қоғам қайраткері, Ингушетия Республикасының тұңғыш Президенті АУШЕВ Руслан Султанович, кеңестік және ресейлік композитор  ЗАЦЕПИН Александр Сергеевич, балет әртісі, балетмейстер  ПЛИСЕЦКИЙ Азарий Михайлович болды.

Конференция барысында спикерлер Қазақстанға Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестиваліне қатысу үшін келгендерін айтты.

Әр спикер Қазақстан оның өмірінде ерекше орын алатынын, осында дүниеге келіп, білім алғандары, шығармашылық, спорт және өзге салаларда жетістіктерге жеткендерін атап өтті.

Сол себепті фестивальге қатысу олар үшін ерекше оқиға, Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктері мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісім саясатының нақты нәтижесін көру мүмкіндігі болып табылады. 

***

2016 жылғы 9 желтоқсанда сағат 16.00-де Астана қаласында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің «Бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты фестивалі өтеді.

Фестивальде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» және «Қайырымдылық керуені» атты жалпыреспубликалық жобаларының қорытындысы шығарылады, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген этномәдени бірлестіктердің көркемөнер және кәсіби ұжымдарының театрланған, вокалды-хореографиялық қойылымдары мен композициялары, музыкалық-аспаптық шығармалары, спортшылардың өнер көрсетулері және басқа да қойылымдар ұсынылады.      

Іс-шараға Ассамблеяның мүшелері мен ардагерлері, барлық өңірлерден келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен белсенділері, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, ҮЕҰ-дың басшылары, ЖОО-ның ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері, қоғам қайраткерлері, зиялы және студенттер қауымы, БАҚ өкілдері қатысады.

10 000 астам адам қатысады.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15