You are here

Біз -Ұлы дала өрендеріміз

11.05.2016, 14:56   1334

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 5 мамырда М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасында тұратын этностардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі мен мәдениетіне арналған «Біз -Ұлы дала өрендеріміз» атты мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілді. Бұл игі іс-шараны Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы шеңберінде өткізілген аталмыш іс-шараға Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ елордамыздағы этномәдени бірлестік пен шығармашылық өкілдері қатысты.

«Бүгінгі өткізіліп жатқан жарасымды іс-шараның өзіндік мәні бар. Бұл құрмет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне арналып отыр. Осы арқылы біз Қазақстанда тұрып жатқан этностардың тереңге тамыр жайған ежелгі мәдениетімен және жаңаша сипаттағы салт-дәстүрімен көпшіліктің кеңінен танысуына мүмкіндік жасадық. Сондықтан бұл іс-шара жас ұрпақтың әрбір халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жете білуіне жол ашқан игілікті жұмыс болды. Аға ұрпақ пен жас буынды біріктірген осы іс-шара отбасы құндылығын дәріптей отыра, баршаны халық даналығымен сусындата білді. Мұндай даналыққа қаныққан жас өрендер ешқашан өзінің салт-дәстүрін және әдет-ғұрпын ұмытпайды деп сенім артамыз», - деді салтанатты жиын барысында сөз алған Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Әбілдинов.

Маңызды кештің өзіндік мәнін кезекті ретте ашып көрсеткен Астана қаласы ҚХА хатшылығының бас маманы Гүлнәр Тайгокованың сөзі де ешкімді бей-жай қалдырмады. «Біз, бүгінгі іс-шара шеңберінде этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдері арасында өткізіліп жатқан «Тіл - достықтың алтын көпірі» байқауы мен жексенбілік мектеп өрендері арасында болған «Менің Отаным - Қазақстан!» сурет байқауының II кезеңін қорытындылаймыз. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз - Қазақстандағы тарихи-мәдени мұраларды кеңінен таныстыру және оларды көздің қарашығындай сақтау. Мемлекеттік тілді меңгеруді насихаттау және оның жастардың жетік білулеріне ықпал жасау. Қазақстанның лингвистикалық капиталын дамыта отырып, қазақ тілінің еркін дамуына бар мүмкіндікті жасауды парызымыз санаймыз. Жалпы, қалалық Ассамблея өз қызметі жүйесінде мемлекеттік тілдің кең өріс алуына айқын басымдық беріп отыр», - деді ол.

Тұрғылықты емес ұлттардың 14 және 29 жас аралығында өткізілген мемлекеттік тілді білуге арналған «Тіл - достықтың алтын көпірі» байқауына этномәдени бірлестіктердің жастар қанатының өкілдері қатысты. Бұл байқауға қатысушылар арнайы шығармашылық нөмір әзірледі. Ал оның екінші кезеңінде мәтінді мәнерлеп оқудан бақ сынасып, сұрақтарға мемлекеттік тілде жауап берді.

Байқау қорытындысында әділқазылар мүшелерінің шешімімен жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Олардың орны мына төмендегі тізім бойынша көрініс тауып отыр.

Бас жүлде

Ишмухаметов Адиль Раисович. «Таң» татар-башқұрт  мәдени орталығы» ҚБ жастар қанатының мүшесі

1 орын

Кровицкая Анастасия Витальевна. «Возрождение» неміс қоғамы» ҚБ жастар қанатының мүшесі

2 орын

Рашидов Ислам Фарзалы-оглы. «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанатының көшбасшысы

3 орын

Айлазов Салим Сульхадинович. ҚР «Барбанг» күрдтер ассоциациясы» РҚБ жастар қанатының мүшесі

Лауреат

Битнер Анна Федоровна. Республикалық «Лад» славян қозғалысының филиалы жастар қанатының мүшесі

«Біз -Ұлы дала өрендеріміз» атты іс-шара барысында қаламыздағы жексенбілік мектеп оқушылары арасында өткізілген «Менің Отаным -Қазақстан»  байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде құттықтау рәсімі болып өтті. Бұл орайда, осы байқаудың жыл сайын өткізілетінін атап өткеніміз жөн. Алайда, ағымдағы жылы байқауға тапсырылған жұмыстардың саны мен тапсырыстар өте көп болды. Байқауға қатысушылар суреттер ғана ұсынып қоймай, өз шығармаларына қатысты эссе де жазды.  Сонымен, байқау комиссиясы үш жас аралықтағы санат бойынша 47 жұмысты бағалауға шешім қабылдады.

1-топтағы санаттың жас аралығы  (6-9 жас):

Бас жүлде – Жакулина Алина, 8 жаста. Неміс жексенбілік мектебі

1 орын – Аббозов Абдуллах, 6 жаста. Өзбек жексенбілік мектебі

2 орын – Потапенко Кристина, 9 жаста. «Ватра» украин жексенбілік мектебі

3 орын – Гусеинова Симара, 7 жаста. Әзербайжан жексенбілік мектебі

2- топтағы санаттың жас аралығы  (10-12 жас):

Бас жүлде – Грицман Леонид, 11 жаста. «Лад» РСҚ  орыс-казак жексенбілік мектебі

1 орын – Абдрахманова Арина, 11 жаста. Татар-башқұрт жексенбілік мектебі

2 орын – Нем Мария, 12 жаста. Корей жексенбілік мектебі

3 орын – Тутаева Ирада, 11 жаста. Шешен-ингуш жексенбілік мектебі

3-топтағы санаттың жас аралығы  (13-17 жас):

Бас жүлде – Сапаралиева Әсел, 15 жаста. «Оберег» украин жексенбілік мектебі

1 орын – Шмидт Юлия, 17 жаста. «Оберег» украин жексенбілік мектебі

2 орын – Оганнисян Софья, 16 жаста. Армян жексенбілік мектебі

3 орын – Иванова Дарья, 14 жаста. «Оберег» украин жексенбілік мектебі.

Әрбір байқауға қатысушы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, іс-шараны ұйымдастырушылар өз жұмыстарымен байқауға қатысқан өрендердің  білім ошағындағы жексенбілік мектептің директорларына алғыс хат табыстады.

Жарасымды салтанатты кештің жабылуында елордамыздағы «Қырғызстан-Астана», «Өзбек этномәдени орталығы», «Ватра» украин мәдени орталығы, «Астана қаласының корей этномәдени бірлестігі» мен «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының» шығармашылық ұжымдары әсем  концерттік бағдарламасымен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

   

 

 

 

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15