You are here

«Біз бір ағаштың бұтақтарымыз!»

14.11.2017, 15:06   369

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 12 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордамыздағы №31 мектеп-гимназияда жексенбілік мектептердің оқушылары арасында «Біз бір ағаштың бұтақтарымыз!» атты Достық сабағы болып өтті.

Іс-шара Қазақстан этностарын біріктіру арқылы азаматтық және рухани-мәдени тұтастықты нығайтуға, өскелең ұрпақтарды қазақстандық патриотизм жолымен тәрбиелеуге бағытталған.

Достық сабағын Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын өткізіп келеді. Елордамыздағы 24 этномәдени бірлестіктерге қарасты 12 жексенбілік мектептерде ұлттық мәдениет пен ана тілді оқытуға басымдық берілген.  Осы жексенбілік мектептерде 6 мен 14 жас аралығындағы балалар білім алуда. Әрбір жексенбілік сайын осындағы ұстаздар өз шәкірттерінің білім деңгейін, шығармашылығын дамытып, тарих құндылықтарына терең бойлатады және оларды қазақстандық патриотизм рухымен тарихи отанын қадірлеуге тәрбиелейді.

Мерекелік іс-шарада корей, армян, әзірбайжан және казак жексенбілік мектептерінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Балалар ана тілі мен қазақ тілінде өлеңдер мен мақалдар оқып, ән шырқап,  өз халқына, отанына деген сүйіспеншіліктерін білдірді.

Вокал мен бидің балғын шеберлері қатысушыларды тәнті етті. Бір сөзбен айтқанда, көрермендер балалардың би мен музыкалық нөмерлеріне ыстық ықыластарын білдірді.

Жалпы, бұл іс-шараның басты мақсаты-Қазақстан этностарын біріктіру арқылы қазақстандық патриотизм құндылығын одан әрі дамыту, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің елімізді дамытуға қосқан үлесін жан-жақты таныстыру, этносаралық құндылықтың тірегі келісім мен бірлікті нығайту, жас ұрпақтардың халықтық шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру және оларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 14 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15