«Бірлік жаршысы» алғашқы қалалық конкурстың жеңімпаздары марапатталды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Кеше астаналық М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайының концерттік залында Астана қаласының бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері арасында «Бірлік жаршысы» қалалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы Астана қаласының Қазақстан халық ассамблеясы. Аталған іс-шараны өткізу мақсаты этносаралық тақырыпта ақпараттарды жариялайтын журналистерді мадақтау арқылы отандық журналистиканы дамытуға қолғабыс ету болып табылады.

«Бірлік жаршысы» қалалық конкурсы оның алғаш рет өткізіліп отырғандығымен ерекшеленеді. Конкурстың этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған материалдары Қазақстан халық ассамблеясы институтының беделін күшейтуге, Қазақстанда тұратын ұлттардың мәдениетін насихаттауға бағытталған. Конкурсқа қатысу үшін елорданың этномәдени бірлестіктерінің қоғамдық-саяси өмірі және жетістіктері туралы мақалалар қабылданған болатын. Интернет-көздері арқылы конкурсқа қатысуға елордамыздың БАҚ барлық журналистері шақырылған болатын, кейіннен Ереженің талаптарына сай конкурстық комиссия келіп түскен 23 материалдың ішінен 10-нын таңдап алды.

Нәтижесінде, «Бірлік жаршысы» конкурстық комиссиясының шешімімен «Үздік телевизиялық сюжет» атауында «Хабар 24» телеарнасының «Жаңалықтар» бөлімінің журналисі К.К. Қайыпбекова жеңімпаз деп танылды, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің интернет баспасының тілшісі Абдуали Аян «Баспасөз БАҚ-ғы үздік басылым» үшін марапатталды, авторы «Радио Астана» жүргізушісі Ахметова Ақбота болып табылатын, 2017 жылғы 1 мамырды тойлауға арналған материал үздік радиосюжет болып танылды.

«Бірлік жаршысы» қалалық конкурсының жеңімпаздарының материалдары «Шаңырақ» журналистика саласындағы республикалық конкурсқа қатысуға жіберілетін болады.

Дата события Ассамблеи: 
Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.