You are here

Байқау жеңімпаздары анықталды

16.10.2017, 20:05   657

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты арасында этномәдени бірлестіктердің ең үздік бейнетұсаукесеріне байқау өткізілді.

Салтанатты іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қаламыздағы жастар ұйымдары және көпшілік қатысты.

Елордалық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен жастар қанаты арасында екінші рет өткізілген бұл байқаудың мақсаты - қазақстандық патриотизмді нығайту және жастарды азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. Сонымен бірге, Қазақстанда тұрып жатқан этностардың өзіндік мәдени мұра ерекшелігін сақтау, этносаралық қатынастарды нығайту, жас ұрпақтар бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру, жаңа бастамаларды белсенді түрде іске асыру үшін шығармашылық қызметті ынталандыру.

Жиын барысында шығып сөйлеген сөзінде байқау комиссиясының төрағасы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастар жөніндегі факультетінің профессоры, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә. Әлпейісов ұсынылған жұмыстардың өткен жылғы байқауға қарағанда сапалы екенін, байқауға қатысушылардың идеялық мазмұнды сақтағанын, сондай-ақ олардың өз мәдениеті мен этномәдени бірлестіктер қызметін ашып көрсете білгенін атап өтті.

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының 7 жастар қанаты өз қызметтері туралы бейнетұсаукесерді көпшілікке таныстырды.  Әділқазылар алқасының шешімімен «Астана қаласы корейлер этномәдени бірлестігі»  қоғамдық бірлестігі жас ұрпақтарының жасампаз еңбектері ең үздік бейнетұсаукесер қатарына жатқызылды,  екінші орын «Оберег» украиндар қоғамы» қоғамдық бірлестігіне берілсе, «қола» «Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатына табыс етілді. Ал байқаудың барлық  қатысушыларына естелік жүлделер берілді.

Бұл байқау қалалық аумақты қамтыған іс-шара ретінде  этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты қызметін ынталандыруға, жас ұрпақтардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталды.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15