БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

«Астана қаласы татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы мен Астана күні мерекесі құрметіне осы жылдың 27 маусымында сағат:10.00-де «Жастар» үйінің жазғы маусымдық алаңында халықтық дәстүрлі «Сабантой» мерекесін өткізеді.

Аталған мерекеге Қазақстан Республикасы  Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан және Татарстан Республикасындағы мәдениет пен спорт саласының қайраткерлері мен елордалық, аймақтық  этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Бұл іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Елшілігі мен Татарстан Республикасының Өкілетті өкілінің және еліміздегі Татарстанның сауда саласындағы өкілдерінің қолдауымен өткізілгелі отыр.

Түркі халқы үшін «Сабантой» мерекесінің тамыры тереңде жатыр және ол дәстүрлі түрде жылда өткізіліп келеді. Бүгінгі кезде оның ауқымы кеңейіп, Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың ортақ мерекесіне айналды. Бір сөзбен айтқанда, барлық пен байлықтың өзегіндей болған «Сабантой» ғасырдан-ғасырға жалғасатын, ұлттарды бірлікке үндейтін маңызды мереке. Сондай-ақ, бұл мереке адамдарды туған жерін мәпелей білуге, оның қадірін білуге шақырады. Өз Отанын қадір тұтқан әрбір адамға жердің берері мол. Осы арқылы ел дәулетін еселеп арттыруға болады. Бұл айтылғанға аға-ұрпақтың өлшеусіз еңбегі дәлел. Мереке сәтінде дана ақсақалдарымыздың осынау берекелі істері жас ұрпаққа тағы бір мәрте айтылмақ.

Мерекеге қатысушылар  түрлі ұлттық ойындарды тамашалай алады. Сонымен бірге, татар мен башқұрттың ұлттық ас мәзірі ұсынылады.

 

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

WhatsApp-8-777-310-53-56

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.