Баспасөз парағы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылғы 23 қазанда сағат 19.00-де Астана қаласындағы «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 35) «Чен Рю» халықтық вокальды ансамблінің және «Станичники» казак халықтық хорының есеп беру концерті болады.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ мекемесі.

Іс-шараға елорданың этномәдени бірлестіктері, мемлекеттік орган және БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Іс-шара мақсаты - өз ана тіліндегі еркін шығармашылықты қалыптастыру, өз тарихы мен салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына сүйіспеншілікпен және құрметпен қарау, қазақстандық патриотизмді насихаттау, қазақстандықтардың бір-біріне деген сенімін одан әрі нығайту және жас ұрпақты толеранттылық рухында тәрбиелеу.

Келем деушілерге есік ашық

***

2000 жылдың тамыз айында құрылған «Лад» республикалық славян қозғалысы Астана филиалының «Станичники» казак халықтық хоры – халықаралық және республикалық фестивальдер мен байқаулардың лауреаты. Аталған хор ұжымы Н.А. Иванованың басшылығымен 200-ден аса жеке концерт ұйымдастырып, оны елорданың 120 000-нан астам көрермені көрген. Олар Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Степногорск қаласында, сондай-ақ шетелдің Үнді республикасы, Смоленск мен Мәскеу (Ресей), Федосия (Украина) қалаларында болып, арнайы концерт өткізген.

«Астана қаласы корей этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің «Чен Рю» халықтық вокальды ансамблі 2000 жылдың қараша айында құрылған. Ансамбль репертуарында 30-дан аса қазақ, корей және орыс тілдерінде әндер бар. Ұжым Л.Б. Хамзинаның басшылығымен қалалық, республикалық іс-шараларға, соның ішінде байқаулар мен фестивальдерге белсенді қатысып, көптеген алғыс хаттар мен наградаларды иеленді.

___________________________

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел. +7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.