You are here

«Балаларға шаттық сыйлайық» қайырымдылық акциясы

06.06.2017, 17:33   570

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астана қ. «Оберег» украиндар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Чаривни Джэрэла» жастар қанаты «SOS Детская деревня Астана» балаларына арнап «Балаларға шаттық сыйлайық» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Іс-шара «ANASTASIA TB» декораторлар мектебінде өтт.

Жастар қанатының басшысы, декоратор Анастасия Тимощенко-Боровикова декоративті сурет салу бойынша «Әтешті әшекейлеу» шеберлік сабағын өткізді.

Іс-шара барысында балалар өздерінің сезімдерін, эмоцияларын, фантазиясын білдіре алды, жәдігерліктер дайындап, оларды өздеріне естелік болсын деп алды. Тәттілермен шай ішкен балалар көңілі одан жыли түсті.

Қайырымдылық акция ата-ананың қамқорлығы мен жылулығын қажетсінетін балаларға бақыт сыйлауға көмектесті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15