You are here

А.Ю. ТАРАКОВТЫҢ ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «КАЗАХСТАНСКИЙ ХАРАКТЕР» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

13.12.2016, 16:28   203

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 13 желтоқсанда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен публицист, ҚХА мүшесі , Қазақстан жазушылар одағының мүшесі,  А.Ю.Тараковтың ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Казахстанский характер» кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің, бас редакторлар  клубының, ҚХА журналистер клубының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ, сондай-ақ шығармадағы очерктердің кейіпкерлері қатысты. 

«Бұл кітап арнайы жазылған, бірнеше жылдар бойы дайындалған. Сол себепті мұнда Тәуелсіздік жылдары да енді. Менің жолым болды деуге болады. Өйткені кітаптың кейіпкерлерімен кездескен сайын мен олардың алға басуын көрдім. Кейбіреулері бұл кітапқа енбеді. Негізі қазақстандықтардың мінез-құлықтары қайсар келеді. Себебі мен жазған кейіпкерлер кәсіби шеберліктің шыңдарына шығып, үлкен нәтижелерге қол жеткізген танымал, қайсар адамдар»,- деді автор өз сөзінде.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15