Астананың төрінде «Біздің елдегі жастардың өмірі» форумы өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Тәуелсіздік сарайында «Біздің елдегі жастардың өмірі» тақырыбында таныстырылым өтті. Форумға қатысушыларды ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л. Прокопенко қарсы алды.  

Бірінші болып Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доктаранты Корей Республикасының өкілі Чу Ионгмин қазақ тілінде сөз бастады. Форумға шақырту алғаны үшін алғасын білдіре отырып, ойы мен әсерін ана тілімізде кідірусіз жеткізген Чу Ионгмин:

«Он жыл бұрын алғаш рет Астанаға қыста келгендіктен, адамға бас киім қандай маңызды екенін білдім. 2015 жылы қайта келдім. Астананы көріп таң қалдым. Жаңа астана Орталық Азияда ең белсенді қала деп айтуға болады. Еліміздің басты қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, Орталық Азия саммиті сияқты халықаралық шаралар сәтті өтті.

Жалпы Қазақстан Республикасының Президенті Азия мемлекеттерінің арасында сенімділік құруға үлес қосып отыр. Сеул мен Астана екеуін салыстырғанда, ұқсастық бар. Астананың ортасынан Есіл өзені ақса, Сеулде Ханган өзені ағады. Сондықтан Астананы өзімнің туған жерім сияқты жақын сезініп жүремін.

Шынымен Корей Қазақстаннан эмоциялы түрде алыс емес. Кореяның тарихи сериалдарынан қазақтың салт-дәстүрімен ұқсастығын көруге болады. Менің түрім де қазаққа ұқсас.

Өкінішке орай қазір екі мемлекет жақын араласуының мүмкіндігі аз. Сондықтан мен екі мемлекет жақын дос болуға жол жасайтын маман болғым келеді. Бұл менің Астанада қазақ тілін үйреніп, оқып жатқанымның басты мақсаты. Астананың 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын», — деді.

Сөз сөйлеушілер қатарында Таиланд Корольдігінің Балалар мен жастар істері департаментінің өкілі Супанимиттракул Варуни, Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің пресс-атташесі Мехди Исфандиари болды.

«В.Д. Поленов атындағы Мемлекеттік Ресей халық шығармашылығы үйі» Ресей халықтарының мәдениет орталығының сарапшысы Евгения Такаракова өз жұмысында Ресейде тұрып жатқан аз ұлттарды зерттеу жұмыстарымен айналысып және Башқұр халқының мәдениетімен танысып жүргенін, осыған орайлас маңызы бар шараларды өткізгенімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғысын авторлық ғылыми монографиясын сыйға тартуымен білдірді.

Сонымен бірге Моңғолиядан келген «Назарбаев Университеті» ҰАҚ Жоғарғы бизнес мектебі оқытушысының ассистенті Хадыр Аминэ Қазақстанның білім жүйесіне қызығушылығын білдіріп, Тәжікстан Республикасының жас өкілі, Қазақстан-Ресей университетінің студенті Амони Шохана духти Насибжан форумға қатысушылардың алдында елінің жетістіктерін жайып салды.

Форум соңы қатысушыларға Астананың көрнекті жерлерімен таныстыру экскурсиясына ұласты.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 28 Маусым, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.