Астаналық КММ медиациядан семинар-тренинг өткізді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде елордадағы этномәдени бірлестіктердің кәсіби емес медиаторларымен семинар-тренинг өткізілді.

Семинар жұмысын «Қоғамдық келісім» КММ директоры Б.С. Әбілдинов ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерге тоқталып өтті.

Осыдан кейін сөз алған «Медиацияны дамыту орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторлары Б.М. Әбдірайымов және Д.Т. Измайлов, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ медиация бойынша бас сарапшысы Қ.О. Төкебаев өз баяндамаларында медиация мазмұнын нақты ашып, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жайлы түсініктеме берді. Пікір алмасу барысында туындаған сұрақтарға жауап берілді. Семинардағы әңгіме мына мазмұнда өрбіді:

- Кәсіби емес медиаторлар немен айналысуы тиіс?

- Олардың өкілеттілігі қандай және олар қандай ауқымдағы мәселелер көлемін қарайды?

- Кәсіби емес медиаторлар арқылы дауларды (жанжалдарды) қалай реттеуге болады және мұндай жағдайда қандай да бір құжаттар рәсімделуі тиіс пе? Сонымен қатар, кәсіби емес медиаторлар медиация өткізу туралы  және медациялық келісім туралы  шарт жасауға құқылы ма?

Кәсіби емес медиаторлардың құқық (ең алдымен азаматтық, еңбек, отбасы және неке) пен психологияның негіздерінен хабары болуы керек. Сондықтан кәсіби емес медиаторларды оқыту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

Жиын барысында өз ойын білдірген Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің кәсіби емес медиаторлары - «Қазақстандағы әзербайжан мәдени орталығы одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Э.И. Гасанов, «Хазар» әзербайжан қоғамдық бірлестігінің басшысы В.У. Агаев, «Возрождение» неміс қоғамының және «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының өкілдері Е.А. Шварц пен Н.Р. Загидулина осындай тренингтерді тұрақты түрде өткізу қажеттігін атап көрсетті.

Жалпы, семинар-тренингке қатысушылар кәсіби емес медиаторлардың енжар болмауы тиістігін атап өтіп, олардың өмірлік ұстанымы берік те белсенді болуы керек деген ортақ түйінге келді.

   

 

 

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі:

тел. 24-98-56/ +7707-310-53-54/ +77071305659

WhatsApp - 7707-310-53-54/ +77071305659

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.