Астанадағы Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерін талқылады

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы бірқатар этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, діни зерттеулер орталығы сарапшыларымен, діни зерттеулер орталығы ассоциациясы мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізіп, ел тыныштығы мүддесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

Ел аумағында, соның ішінде әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайлар мен мәдениетті тұрақты дамытуда терроризм мен экстремизмге қарсы тұруды анықтайтын фактор өте маңызды болып отыр. Сондықтан осы мәселені шешу кезінде мемлекет пен қоғамға қол жетімді барлық мүмкіндіктерді пайдалану керек. Күн тәртібіндегі осы дін мәселесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау барысы сұрақ-жауап үлгісінде өтіп, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері ол мәселеге тереңнен бойлады.

Бұл мәселеге қатысты өткізілген бірқатар кездесулердің басты мақсаты тұрғындарды бүлдіргіш күштердің ағымдары мен діни экстремизмнің барлық көріністеріне қарсы тұрудың маңыздылығы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету. Соның айғағы ретіндей, кездесу барысында шығып сөйлеушілер барлық қазақстандықтардың діни мәселесіне қатысты сұрақтар бойынша өте сауатты болуы қажеттігін атап өтті.

Жиында тақырыптық бейнекөріністер көрсетіліп, радикалды идеологияның әсері мен қоғамдағы дін мәселесін кеңінен ашып көрсетті.

Қазақстандағы этномәдени бірлестіктер мен көптеген қоғамдық ұйымдардың басшылары өз этностарының өкілдеріне аса жауапкершілікпен қарауы тиіс. Бұл ретте тәрбиелік-түсіндіру жұмыстары еңбек ұжымдарында және барлық отбасында тұрақты түрде жүргізілуі қажет. Жиында мұны барлық шығығып сөйлеушілер аса маңызды мәселе ретінде атап өтті.

Дата события Ассамблеи: 
Сәрсенбі, 11 Қазан , 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.