You are here

Астанада славян және еуропа этностарының фестивалі өтті

20.11.2017, 19:15   305

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 17 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңбері бойынша  елордамыздағы басты нышандардың бірі-«Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығының сахна алаңында «Этнос күні» болып өтті. Осы тағылымды шара «славян және еуропа этностарының күні фестивалі» деген атаумен көпшіліктің есінде жағымды әсермен қалды.

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы-Астана қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы.

Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына осындағы славян және еуропа этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен тамаша концерттік,ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ халықтық шығармашылыққа негізделген сәндік-қолданбалы өнер көрмесін көпшілік тамашалады.

Аталған фестивалдің ерекшелігі оның фольклорлық бағыттағы құндылығында жатыр. Жалпы, фестиваль бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған вокальдық және  хореографиялық қойылымдар ұлттық қанық бояудың сипатын ашып көрсете білді. Соның нәтижесінде көрермендер славян және еуропа халықтары мәдениетінің құндылығына терең бойлай алды.

Астанадағы этномәдени бірлестіктер осы шарада еліміздің тұтастығын паш етіп, өздерінің ән мен билерімен, тарихи мәдениетінің  құндылығымен жиналған жұртшылыққа жылы әсер қалдырды. Бұл ретте «Дала өлкесі казактары одағы» қоғамдық бірлестігінің «Раздолье» орыс-казак әндері ансамблін, елордамыздағы «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігін, «Алеф» еврей мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси» қоғамдық бірлестігін, «Поляк» қоғамдық бірлестігін, «Злата» болгар этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігін, «Возрождение» неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігін, «Радима» беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі мен «Лад» славян қозғалысы республикалық филалын атап өтуге болады.

Славян және Еуропа этностарының фестивалі-осы бағыттағы жыл бойына өткізілген мерекені қорытындылайтын кезең. «Этнос күні»-ол жай мереке емес, біздің көпұлтты Қазақстандағы мәдениетті біріктіру мерекесі. Сондай-ақ ол берік достығымыздың ажырамас түпқазығы. «Этнос күні» іс-шарасының басты нышаны-«Достық кілемі» осы мерекеде ортаға шығарылып, ол барлық ұлттардың бірлігі мен келісімін бейнелеуші ретінде көпшілікке жағымды әсер қалдырды. Кілемнің ортасы қазақтың бояуы қанық ою-өрнегімен және елордамыздағы 24 этномәдени бірлестіктердің айшықты ұлттық нақыштағы ою-өрнектерімен безендірілген. Әрине өз кезегінде бұл нышан осындағы бірлестіктердің берік достығын паш етті.

Аталған іс-шараның басты мақсаты-тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайту, еліміздің мәдениетаралық жетістіктерін жан-жақты таныстыру, Қазақстанда тұратын этностардың әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарау, әлемдік қауымдастыққа Қазақстанның тарихи-мәдени бай мұрасын кеңінен таныту.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 21 Қараша, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15