You are here

Астанада «Покров күні» православие мерекесі аталып өтті

14.10.2015, 19:50   2014

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2015 жылдың 14 қазанында Астана қаласындағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында «Дала казактары одағы» РҚБ Алматы аудандық филиалы мен «Елорда орыс қоғамдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен қасиетті Пресвятой Богородицы Покровқа арналған православиелік мереке аталып өтті.

Іс-шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығының басшысы Сергей Журавлев құттықтады. Одан әрі мерекенің шығу тарихын әңгімелеген протоиерей Евгений сөзі өзінің маңызымен жиналғандардың есінде қалды. «Орыс православиесі дәстүрі бойынша бұл мереке 14 қазанда аталып өтеді. Незінде «покров» сөзі қорғау деген мағынаны білдіреді. Әрі бұл мереке 910 жылғы оқиғамен сабақтас. Ол кезде қыз Мария басындағы орамалын шешеді де, оны кеңінен жайып шіркеудегі халықты қорғауды мақсат тұтқан. Бұл көрініс қала тұрғындарын басқыншылық әрекеттен қорғау мақсатында жасалған қадам еді. Ал шын мәнінде жау күштері кері шегінген екен»,-деді ол протоиерей Евгений.

Мерекелік концерт бағдарламасы барысында «Раздолье» орыс-казак әндері ансамблі («Дала казактары одағы» РҚБ Алматы аудандық филиалы), орыс ансамблі «Ладушка» («Елорда орыс қауымдастығы» ҚБ), қала ардагерлерінің халықтық хоры «Ивушка» ансамблі, сондай-ақ «Радима» беларусь мәдени орталығының өкілдері өз өнерлерімен халықтың ризашылығына бөленді.

Бұл мерекеге келгендердің саны өте көп болды. Тіпті олардың арасында қарттар мен сәбилер де бар.

_____________________________

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

тел: +7707-310-53-54

e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15