Астанада өзбек ұлтының «Зиё» жексенбілік мектебі жұмыс істейді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Астана қаласындағы № 53 мектеп-лицейі негізінде өзбек ұлтының «Зиё» жексенбілік мектебі ресми ашылды.

Басында қоғамдық негізде жұмыс істеген жексенбілік мектеп уақыт өте келе оң нәтижесін бере бастаған соң, Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен және Астана қаласының Білім басқармасының шешімімен жексенбілік өзбек мектебі мемлекеттік қолдауға ие болды.

Шара барысында өзбек этномәдени орталығының төрағасы Шерзод Пулатов Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының бас маманы Гүлнәр Тайгоковаға, жексенбілік «Зиё» мектебінің алғашқы директоры Райимжон Музаффаровқа, Астана қаласының өзбек этномәдени орталығы төрағасының білім және мәдениет жөніндегі орынбасары, жексенбілік мектептің тәлімгері Ихтиёра Ходжаеваға көп жылдан бері қолдау көрсетіп келгені үшін «Өзбек орталығының 10 жылдық мерейтойы» төсбелгісін тағып, құрмет білдірді.

Сонымен қатар мектеп кітапханасына өзбек авторларының кітаптары тарту етіліп, қор молыға түскен.     

Жалпы мектептің ашылу мақсаты — өзбек тілі мен мәдениетін сақтап және дамыту, ана тіліне деген қызығушылықты қалыптастыру, сонымен қатар өзбек этностарын, жалпы халықты Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Қазір мектепте өзбек тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін, әдет-ғұрпын және салт-дәстүрін оқытады. Сонымен қатар халық әндері мен өзбек этносының классикалық хореографиясы үйретіледі.

 

Дата события Ассамблеи: 
Жұма, 14 Қыркүйек, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.