You are here

Астанада «Мен-қазақстандықпын» жастар форумы болып өтті

16.05.2015, 15:09   4313

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астана қаласы әкімдігінің  Жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен елордадағы корей этномәдени бірлестігі әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс бойынша «Мен-қазақстандықпын» жастар форумын өткізді.

Форумның мазмұнды өтуіне Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктің жастар қанаты мүшелері,  жоғары оқу орны мен колледждің студенттері белсене атсалысты.

Форумды өткізудегі басты мақсат-бірлігімізді одан әрі нығайту арқылы жастарымызды патриотизмге тәрбиелеу, толеранттылықтың тұрақты болуын қамтамасыз ету, спортты дамытып, қоғамдық ортада тазалықты, оның ішінде экологиялық ахуалды қалыптастыру.

Өзінің құттықтау лебізінде Астана қаласындағы корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак былай деді: «Біздің жетістігіміз - ұлтаралық ынтымақтастық, толеранттылық пен тұрақтылық. Ұлыстар достығының арқасында Қазақстан гүлденуде. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында еліміздегі барлық ұлттар мен ұлыстар тату-тәтті өмір сүріп келеді».

Негізінен, бұл форум аясында бұған дейін ақтарылған істер сараптаудан өтіп, алдағы атқарылатын істердің ауқымы талқыланды. Ал өмірлік тәжірибелері бар, қазір «Нұр Отан» партиясы әлеуметтік бастамаларды сараптау және болжау орталығының басшысы  қызметін атқарып жүрген Қазбек Казкенов пен Қазақ мемлекеттік гуманитарлық заң университетінің доценті Айман Рахимованың  жастарға айтқан  дәлелді дәйектемелері олардың келешегіне дұрыс бағыт-бағдар болды деп, санаймыз. Жастар атынан сөз алған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3-курс студенті, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы Айнұр Рахматалиева да мемлекетіміздің  жастар саясатына ерекше қамқорлық жасап отырғанын атап өтті. 

Жастар форумының басты қонағы болған-Азия Ойындарының екі дүркін чемпионы, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья  Ильин табанды мақсат әрбір адамды жетістікке жеткізетінін, бұл орайда мықты ерік-жігердің басты орында тұратынын айтып, жастарды ынтымаққа шақырды.

Іс-шараның екінші бөлігінде жастар тхэквондо бойынша спорт шебері, Азиада-2011 Ойнында алау иесі атанған, 2001-2011жылдардағы жастар қозғалысының жетекшісі, халықаралық фитнес бағдарламасының тұсауын кесуге атсалысқан Вадим Цхемен кездесіп, пікір алмасты.

Жарасымды форумның сәнін келтірген корей шығармашылық орталығы атынан өнер көрсеткен «Самульнори» ансамблі мен «Миссон» би ансамблі және «Шабыт» байқауының лауреаты Е.Е. Кугай көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен бірге, бұл кеште капоэйра мен брейк-дансеров шоуының тұсаукескері болып өтті. Әлемдік деңгейде танымал болған латын биіне де осы кеште айрықша маңыз берілді.

Форум шымылдығы жабылар сәтте «Атамекен» әні шырқалып, жұртшылық естелік суретке түсті.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі.
тел: +7707-310-53-54
WhatsApp-8-777-310-53-56
e-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15