Астанада медиация кабинеті ашылды

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 28 қаңтарда елордада, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де медиация кабинетінің таныстырылымы өтті. «Қазақстан-2050» стратегиясында дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамытуға көп көңіл бөлінген. Дауларды шешудің балама әдісі ретіндегі медиация («Медиация туралы» заң 2011 жылғы 28 қаңтарда қабылданып, 2011 жылғы 5 тамызда күшіне енді) Қазақстан үшін салыстырмалы алғанда жаңа институт болып табылатынын айта кету керек.

Осы ретте, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстандағы барлық медиаторлар мен заңгерлерді Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңының қабылданғанына 5 жыл толуымен құттықтайды!

2015 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында берілген № 35-4.4 хаттамалық тапсырманы орындау үшін, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының көмегімен  қала әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-де медиация кабинеті ашылды.

Кабинетті ашудың мақсаты әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы мәселелерді шешу тәжірибесінде медиация әдістерін қолдану болып табылады. Бұл жұмыс қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясымен, оның хатшылығымен, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесімен және басқа да астаналық қоғамдық бірлестіктермен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады.

Медиация кабинетінің жұмысын ұйымдастыру «Қоғамдық келісім» мекемесінің бас сарапшысы, заңгер мамандығы бойынша 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар Төкебаев Қайрат Орақұлына жүктелген.

Медиация кабинетіне келушілерге келесі қызметтер көрсетіледі:

  • тегін заңгерлік көмек;
  • нормативтік-құқықтық және басқа да медиацияның мазмұнын ашатын әдебиеттер мен фильмдер;
  • Астана қаласында әрекет жасайтын кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың тізімі.

 

_____________________________

Астана қ. әкімдігінің жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі:

тел. +7707-310-53-54 (87784301818)

WhatsApp - 7707-310-53-54

E-mail: adelya-solnce89@mail.ru

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.