You are here

Астанада қайырымдылық іс-шарасы өтті

10.03.2017, 10:46   663

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 7 наурыз күні «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсету бойынша қайырымдылық акциясы өтті. 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған бұл акция елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы және EVIM дүкендерінің жекеленген желісінің қолдауымен Астана қаласының «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» ұйымдастырды.

8 наурыз мейрамының қарсаңында «Қазақстанның соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі әйелдер қауымының мүшелеріне эмоционалдық көңіл-күй сыйлау және мүмкіндігі шектеулі адамдарға демеушілік көрсету аталған іс-шараның басты мақсаты еді.

Бұл күні, нәзік жандар үшін арнайы Астана қаласы Қазақстанның соқырлар қоғамы, елордалық этномәдени бірлестіктері белсенді мүшелерінің, сондай-ақ шақырылған жұлдыздар мен әртістердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Аталған акцияны Түрік этномәдени орталығы 6 жылдан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқанын атап айтқан жөн. Өткен жылғыдай, осы 2017 жылда да іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы»

жобасын іске асыруға бағытталған. Бұл акцияның қоғамдық бірлестікті қалыптастырудағы, жалпықоғамдық бірегейлікті нығайтудағы әлеуметтік маңызы зор.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15