Астанада алғаш рет шығыс тағамдарының гастрономиялық көрмесі өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Астанада қалалық әкімшілік алдындағы алаңда Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында Шығыс тағамдарының гастрономиялық көрмесі өтті.

Шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырып өткізді.

Көрмеге келушілердің алдында Өзбекстанның Қазақстан Республикасындағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Астана қаласы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова, Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров сөз алып, көрменің басталуымен құттықтады.

«Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары! Сіздерге Мәдениет және спорт министрлігі атынан қош келдіңіздер дей отырып, аталмыш көрмені ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін.

2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы. Осыған орай біз көптеген шаралар ұйымдастырдық. Бұған дейін туроператорлардың қатысуымен туристік форумдар, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі өтті. Бүгін тағамдар көрмесін тамашалауға келдік. Осындай жайдарлы күнде баршаңызды өзбектің ұлттық тағамдарынан дәм татуға шақырамыз», - деді Қазақстан Республикасы индустрия туризмі комитетінің өкілі Майнюра Мурзамадиева.

Көрме сағат он екіде басталып, кешкі жетіде бірақ аяқталды. Буы бұрқыраған, иісі аңқыған тағамдардың дәмін татып көремін деушілер қарақұрым болды. Ән айтылып, би де биленді. Арасында қызықты жарыстар өткізіліп, көрменің белсенді көрермендері ұтыс ойындарына қатысты.    

Мұндай көрме бұрын-сонды болмаған. Алғашқы рет аталып жатқан көрмеге Астана мейрамханаларының бас аспаздары мен Өзбекстаннан арнайы шақырылған қазаншылар бірнеше түрлі палау, кабоб, долма, самса, тандыр нан әзірледі. Өзбекстандық меймандар әр тағамның жасалу жолдарын көрсету үшін шеберлік сыныптарын өткізді.

Сонымен қатар қазақтың ұлттық тағамдары - ет, қуырдақ, бауырсақ та көрмеден табылды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз. 

 

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 11 Қыркүйек, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.