You are here

Astana Vine Fest 2017 Қазақстан вайнерлерінің фестивалі

28.08.2017, 10:41   482

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 26 тамызда Астана қаласында алғаш рет «Astana Vine Fest 2017» атты вайнерлер фестивалі өтті.

Іс-шара ұйыымдастырушылары «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ.  Фестиваль серіктестері  Қазақстан халқы Ассамблеясы, «BI Group» құрылыс компаниясы, «Otau development group» құрылыс компаниясы. Медиа-серіктестері «ОҢ ТВ» және «Muzzone» телеканалдары, «Астана» радиосы, «NS» радиосы. 

Фестиваль мемлекет Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласы аясында жүзеге асырылатын және мемлекеттің креативті жастарының (вайнерлердің) қызметтерін әйгілеу арқылы жастардың қоғамдық санасын жаңғыртуға және, осылайша, олардың шығармашылық әлеуетін еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне қатыстыру үшін күшейтуге бағытталған.

Фестиваль конкурстық-концерттік бағдарлама форматында өтті. «Batyroff», «Yurframe», «Nagimuwaa», «ХаХа_Show» және республиканың тағы басқа үздік вайнерлері алдын-ала берілген тақырыптар бойынша өздерінің жұмыстарын (вайндарды) бес аталым бойынша ұсынды. «Үздік жыл бейнеролигі», «Үздік ер рөлі», «Үздік әйел рөлі», «Үздік эпизодтық рөл» номинацияларындағы ең үздіктер БАҚ саласындағы танымалы Қазақстан тұлғаларынан тұратын қазылар алқасы шешімі бойынша белгіленді.

«Халық таңдауы» номинациясы vinefest.kz атты жобаның сайтында дауыс беру нәтижесіне сәйкес анықталды. Дауыс саны фестиваль кезінде сайттың өзінде белгіленді.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 28 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15