You are here

Астана ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің жиыны

25.07.2017, 14:43   750

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 21 шілдеде «Астана су арнасы» МКК еңбек ұжымының қатысуымен «ЭКСПО-2017» сәтті өткізу шарты - заңдардың орындалуы» атты тақырыпқа Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы қоғамдық келісім кеңесінің кезекті жиыны болып өтті.

Жиынға елордалық ҚХА және этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының мүшелері, сондай-ақ «Астана су арнасы» МКК еңбек ұжымы қатысты.

Жиын барысында қатысушылар «Астана су арнасы» МКК бас директорының баяндамасы желісі бойынша елорда кәсіпорыны қызметі туралы стратегиялық жоспарлармен, еңбек ұжымының әлеуметтік мәселелерімен таныс болды. Бүгінде осы кәсіпорында 1853 азамат еңбек етуде және еңбек ұжымындағы әлеуметтік жағдай оң бағаланған. Мұндағы кәсіподақ ұйымы да белсенді қызмет атқаруда. 

Осы қоғамдық келісім кеңесінің жиынында Астана қаласы IIД жергілікті полиция қызметінің майоры Ж.Е. Келемсейіт заң актілерінің орындалуы туралы мәселе мен «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін сәтті өткізуге бағытталған шарттардың іс жүзінде тиянақты атқарылғанын айтып берді.

Қазақстанның эволюциялық жолмен дамуы туралы және ұлттық бірегейліктің сақталуы жөніндегі мәселені «Тұран-профи» халықаралық кәсіби академиясы ректорының кеңесшісі, «Нұр Отан» партиясы АНТ мүшесі, Астана қаласы ҚХА кеңесінің мүшесі Қ.М.Қазкенов жан-жақты айтып берді. Сонымен бірге жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген алда атқарылатын жұмыстарды пысықтап алды.

Қоғамдық  келісім кеңесі 2013 жылы Қазақстан халқы ассамблеясы XX сессиясының шешімімен құрылғанын атап өтуіміз керек. Бүгінгі уақытта Астана қаласында осындай 5 кеңес бар. 1 қалалық және 4 аймақтық болып құрылған бұл кеңестер «Концерн «Цесна-Астық» ЖШС, «University Medical Centег» корпоративтік қоры, «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ мен «Астана су арнасы» МКК базасы жанында жұмыс істеуде.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 25 Шілде, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15