You are here

Астана қаласында Қазақстан халқы достығының жылсайынғы ХVIII фестивалі өтті

17.04.2017, 09:48   763

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Елордада Қазақстан халқы достығының жылсайынғы ХVIII фестивалі болып өтті. Биыл ол «ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналып, "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз!" деп аталды. Шығыс әуендерінен, кавказ ырғақтарынан, сондай-ақ, әлем халықтарының билерінен құралған тартымды бағдарлама үш күн бой "Жастар" театрының сахнасында көрермендерді қуанышқа бөледі.

13-15 сәуір күндері қаланың этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары жиналғандарға хор, вокалдық және жеке орындаулар, әлем халықтарының билері, «EXPOLIFE– болашақтың киімдері» атты қоласты материалдарын пайдалану арқылы тігілген сәнді киімдер үлгісі, "Болашақ энергиясы - балалардың көзімен" көрмесі, сонымен қатар салт-дәстүрлерді бейнелейтін музыкалық-хореографиялық композиция номинациялары бойынша өнерлерін көрсетті.

Әр ұлттың өз тілдерінде шығармашылықтарын дамытуына, туған мәдениеттерін, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сыйлауға, сүюге тәрбиелеуге, мәдениеттегі өнегелі жетістіктерін дәріптеуге , бүкіл әлем елдерінің мәдениеті мен тарихын танып-білуге жағдай жасау - фестивальдің басты мақсаты болды.

Астана қаласының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы осы іс-шараның ұйымдастырушылары болды. Үш күннің ішінде "Жастар" театрының сахнасында 20 этномәдени бірлестіктің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Әр орындауға 30 минуттан уақыт берілді. Уақыттың шектеулігіне қарамастан, шығармашылық ұжымдар өздерін барлық қырларынан көрсетіп, көрермендерге тамаша көңіл-күй сыйлай білді. Вокалдық орындауларды жанды дауыста айту - фестивальдің негізгі талаптарының бірі болғанын да айта кету керек.

Осылайша халықтар достығының "Қазақстан - біздің ортақ үйіміз!" атты ХVIII фестивалінде хор және вокалдық топтар номинациясы бойынша "Лад" славян қозғалысының казак халық хоры мен "Оберег" украиндар қоғамының вокалдық-хореографиялық ансамблі бірінші орын алса, жеке орындау номинациясы бойынша өзбек этномәдени орталығының ең жас әншісі Пулатова Амира, "Вайнах" шешен-ингуш мәдени орталығының әншісі Мациев Мухамед, "Поляки" қоғамдық бірлестігінен Камиля және "Оберег" украиндар қоғамы" қоғамдық бірлестігінен Атамась Марина жеңімпаз атанды. "Аспапта өнер көрсету" номинациясында Астана қаласының корей этномәдени бірлестігінің барабаншылары, "Дала өлкесі казактарының одағы" бірлестігі Алматы өңірлік филиалының өнерпаздары Петр Иванов пен Игорь Воробьев, "Возрождение" немістер қоғамы" ҚБ "даңғырлатып ойнайтын оркестрі" бас жүлдені жеңіп алды. Ал, ең үзжік хореография номинациясы бойынша "Радима" белорус қоғамдық бірлестігінің би ансамблі "Олеся", грузин биімен "Вайнах", "Ватряночка" би ансамблі топ жарды.

«EXPOLIFE – болашақ киімдері» атты қоласты материалдарын пайдалану арқылы тігілген сәнді киімдер номинациясында "Ватра" украин қоғамы, "Таң" татар-башқұрт мәдени орталығы, "Жайхун" қарақалпақ этномәдени бірлестігі бас жүлдеге ие болды. "Болашақ энергиясы - балалардың көзімен" номинациясы бойынша "Радима" белорус қоғамдық бірлестігінен Кривоногова Арина, "Оберег" украин қоғамынан" Атамась Ксения, "Дала өлкесі казактарының одағы" өңірлік қоғамынан Павлова Наталья үздік атанды. Салт-дәстүрлерді бейнелейтін музыкалық-хореографиялық композиция номинациясында "Дала өлкесі казактарының одағы" бірлестігі Алматы өңірлік филиалының "Шинель астында" және "Астана қаласы корей этномәдени бірлестігі" ҚБ "Үйлену тойы рәсімі" қойылымдары ерекше дараланды.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Фестивальге қатысқан бірлестіктердің бәріне теледидарлар сыйға тартылды.

Фестиваль біздің байтақ еліміздегі халық достығы мен бірлігін тағы да бір паш етіп, халық шығармашылығының нағыз мерекесі болды.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15