You are here

«Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы» 10 жылдығын атады

05.09.2017, 11:04   211

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 4 қыркүйекте «Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының 10 жылдығы: Рухани жаңғыру бағдарламасының маңыздылығы мен келешегі» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігі мен Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Өзбек этномәдени бірлестігі өздерінің он жылдығы кезеңінде толайым табыстарға қол жеткізіп, шығармашылық ұжымының әуелетін дамытты әрі осы мәдени орталық мүшелерінің саны бірнеше есеге артты»,-деп атап өтті  құттықтау сөзінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Л.С. Құсайынова.  

Мерекелік іс-шарада елеулі қызмет ақтарған белсенділерге алғыс хаттар табыс етілді. «Орталықтың 10 жыл қызметінде этносаралық келісімді нығайтуға және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған көптеген игі істер атқарылды. Қазақстан халқы ассамблеясының өткізген барлық іс-шараларына этномәдени бірлестіктің мүшелері белсенді түрде атсалысып келеді»,-деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ директоры А.Ю. Тараков.

Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Д.Қ. Мыңбай, ҚР Парламентінің депутаттары, Өзбекстан Республикасы Үкіметі мен Елшілігінің өкілдері, ҚХА мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, Астана қаласы этномәдени қоғамдық ұйымдарының басшылары мен басқалар қатысты.

Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Д. Мыңбай елордалық өзбек этномәдени орталығын мерейтойымен құттықтай келе,  олардың Қазақстан халқы ассамблеясы бастамаларын ұдайы қолдайтынын және еліміз дамуына үлкен үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Халықаралық байланысты, мәдениетаралық сабақтастықты нығайту және бауырластықты арттыру мақсатымен мереке іс-шарасын өткізу шеңбері бойынша Өзбекстан Республикасынан қонақтар шақырылды. Атап өту керек, бұл игі іс-шара «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі мен Өзбекстан Республикасы күндерін өткізу құрметіне орайластырылған.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, қазақстандық табыстар үлгісін және мәдениетаралық сұқбаттасуды көпшілікке кеңінен таныстыру, Қазақстанда тұрып жатқан этностардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарауды алға қойып және оларға деген қызығушылықты қалыптастыру.  Қазақстанды бірегей тарихи және мәдени мұраға бай  ел ретінде әлемдік қауымдастыққа таныту.

«Астана қаласы өзбек этномәдени орталығы» 10 жылдығы құрметіне байланысты салтанатты түрде мараптаттау рәсімі болып өтті. Іс-шара кезеңі аясында қонақтарға мағынасы терең концерттік-ойын-сауық бағдарламасын тамашалауға мүмкіндік жасалды. Бір сөзбен айтқанда, ұлттық бояуы қанық вокальдық және хореографиялық қойылымдар көпшілікті тәнті етті.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 5 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15