Астана қаласы қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 29 наурызда «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» «Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіндегі қоғамдық келісім кеңесінің міндеттері» атты тақырыпқа Астана қаласы қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Іс-шараға кеңес мүшелері, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филалы, қалалық мәслихат депутаттары және этномәдени бірлестіктің басшылары қатысты.

Жиын барысында Астана қаласы мәслихатының депутаттық тобы мен «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы кеңестерінің өзара ынтымақтастығы мәселесі талқыланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін дамыту бойынша жалпы кеңес міндеттері туралы қалалық кеңестің төрағасы Әміржан Әлпейісов айтып берді: «Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім кеңесі белсенді ұйым ретінде саналады. Кеңес жұмысы бойынша әкімдіктің және өзге қоғамдық институттардың, облыстар мен аймақтардың жұмыстарын нақты бағалау мүмкіншілігі бар. Кеңестің қамтитын жұмысының бағыты сан қырлы. Олардың қатарында жұмыссыздықты шешу мен ардагерлермен жұмыс, сондай-ақ кәсіподақтар және саяси ұйымдарға қатысты мәселе бар»,-деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің институт ретіндегі қоғаммен ынтымақтастығы туралы ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ сектор және бақылау бөлімінің бас сарапшысы Еркебұлан Аманғосов әңгімеледі: «Бүгінгі таңда қоғамдық келісім кеңесі ҚХА түрлі құрылымдарымен өзара тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуде. Соның ішінде аналар және ақсақалдар кеңесімен бірге түрлі ұйымдарды атап өтуге болады»,-деді ол.

«Біздің кеңес жұмысының мәні-қайырымдылық қызметтерін үйлестіруге және оны ұйымдастыруға, тұрғындардың белгілі санаты бойынша оларға қандай да бір көмек қолын созуға, еңбек ұжымдарындағы азаматтық тұрақтылықты бақылауға бағытталған. Менің ойымша, мемлекеттік органдар қызметтерінің осындай тұтастығы ірі жетістіктер көрсеткіші болып саналады»,- деді жиын барысында Астана қаласы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ляззат Құсайынова.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарда,еңбек ұжымдарында қазақстандық бірегейлік негізін насихаттауда кеңестер мүмкіндігін пайдалану, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы, кәсіподақтар және үкіметтік емес ұйымдар кеңестерімен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселесі алға қойылды.

Атап өтейік, 2013 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы шешімімен қоғамдық келісім кеңесі құрылды. Қазақстан бойынша олардың саны-2207. Бүгінгі күнде Астана қаласында 5 кеңес жұмыс істейді. Олардың 1-і қалалық болса, 4-і аймақтық. Тарқатып айтсақ, бұл кеңестер

«Концерн «Цесна-Астык» ЖШС, «University Medical Centег» корпоротивтік қоры, «Ақмола вагонжөндеу зауыты» АҚ және «Астана Су арнасы» МҚМ базасында бар.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.