You are here

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық және мәдениетаралық медиация мәселесіне байланысты семинар өткізді

16.06.2017, 18:59   470

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 14-15 маусымда «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында халықаралық дәрежедегі үйретуші-медиатор Т.А. Дронзина этносаралық және мәдениетаралық медиация мәселесіне байланысты семинар өткізді.

Татьяна Дронзина-Климент Охридский атындағы София университетінің саясаттану ғылымының профессоры. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы халықаралық сарапшы, халықаралық, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысушы, медиация бойынша дау-жанжалдарды шешуден көп жылдық тәжірибесі бар.

Аталған іс-шараның жоғары деңгейде өткізілуіне Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, әзірбайжан этномәдени орталығы мен «Келісу» медиация орталығы атсалысты.

Елордадағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиация кабинеті шақырылған үйретуші-медиаторлармен өзара ынтымақтастықта белсенді жұмыс жасап келеді.

Саясаттану ғылымының профессоры семинар басында анимациялық «Жанжал» фильмі туралы түсіндірме беріп өтті. Содан кейін қатысушылар осыған байланысты өз пікірлерін айтты.

«Жанжал»-біздің өміріміздегі белгілі бір топ пен мемлекет арасындағы және адамдар арасындағы қарым-қатынастың ажырамас бөлігі. Әртүрлі дау-жанжалдарға  этникалық топ пен мемлекет мүддесі тұрғысынан, қасиетті құндылық және сенімді қадірлеу мақсатымен қарау керек»,-деді сөз басында үйретуші-медиатор. Осыған орай, қатысушылар дау-жанжал неге туындайды деген сұраққа жауап іздей бастады.

Т.А.Дронзина сот талқылаулары мен медиацияның айырмашылықтарын айтып берді: «Медиация мақсаты-анықталған дау-жанжалды бірлескен түрде өзара қанағаттанарлық дәрежеде шешу болып саналады. Медиация ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, дұрыс жол таңдауға көмектеседі»,-деп атап өтті профессор.

Іс-шараның бірінші күні барысында семинарға қатысушылар дау-жанжалды реттеу және оны шешу жолдарын талқылады. Шынайы сұқбаттасу  сәтінде медиаторлар Қазақстан аумағындағы дау-жанжал ахуалын қозғады. Жиынға қатысушы медиаторлар бірауыздан өздерінің шешетін мәселесі-негізінен тұлғааралық және тұрмыстық дау-жанжал деген қорытындыға келді.

ҚХА этносаралық қарым-қатынасты толерантты тұрғыдан құрылымдау мәселесін  реттеу бойынша баға жетпес рөл атқарады. Бұл бірегей институт бүгінгі уақытта Қазақстан аймағының қоғамдық жүйесіндегі этностар қарым-қатынас мәселесінің басты медиаторы болып саналады.

Семинар шеңбері барысында көшпелі кездесу өткізіліп, ол бойынша халықаралық дәрежедегі үйретуші-медиатор Т.А. Дронзина «Мектептегі дау-жанжалды шешу» тақырыбына баяндама жасады. Ашық сұқбатттасу алаңына шетелдік және қазақстандық ғалымдар, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, елорда мектептеріндегі ұстаздар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.  Өз сөзінде Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, саясаттану ғылымының профессоры Н.П. Калашникова Қазақстандағы жоғары оқу орындары мен мектептерде медиацияны дамытуды күшейту қажеттігін атап өтті.

Семинардың келесі күні этносаралық медиацияны қолдану рәсімінің тәжірибесі, этносаралық коммуникация бойынша медиаторлардың жұмысын бейнекөрініс арқылы қадағалау мәселесі мен қателіктерден қорытынды шығару, отбасылық медиация жәйі талқыланды.

Іс-шара кезінде София университеті саясаттану ғылымының   профессоры Т.А. Дронзина өзінің ғылыми-зерттеу жұмысы мен Қазақстанның Батыс Қазақстан облысындағы қолданбалы жобалар және халықаралық тәжірибе туралы әңгімелеп берді.

Лектор оқу үдерісі кезінде әртүрлі ақпараттық материалдарды, соның ішінде слайд-шоу мен кейстерді қолданды. Қатысушылардың назарына ұсынылған жалпы ақпараттар бойынша үйретуші-медиатордың автролық кейстерінің таныстырылымына, оның ішінде қазақстандық ақиқатқа, өмірдің нақ өзінен алынған оқиғаларға, автордың құруымен  болған негізгі ақпараттық деректерге маңыз берілді.

Кейстер көрсетілімі ерекше қызығушылық туғызды. Бұдан әрі семинар жалғасы қатысушылардың өздерінің қызметтері туралы әңгімеге ұласып, тәжірибеге қатысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ассамблея жанындағы халықаралық сарапшы Т.А. Дронзина өзінің қорытынды сөзінде жұмыс тәжірибесінің нақты іске құрылуы керектігін, проблемалар мен дауларды өркениетті жолмен үйлестіріп шешу қажеттігін атады.

Семинар қорытындысында этносаралық және мәдениетаралық медиация бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Семинар қатысушыларымен болған кездесу мәдинетаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өз септігін тигізді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15