You are here

Астана қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс тобы дауларды соттан тыс реттеу институтын дамыту тақырыбын талқылады

26.05.2017, 17:04   410

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 23 мамырда Астана қаласының әкімдігінде Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс тобының дауларды соттан тыс реттеу институтын дамытуға қатысты отырысы өтті.

Аталған іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.

Отырысқа қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және қала кәсіпорындарының Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері, қалалық соттың судьялары, Республикалық медиация орталықтарының жетекшілері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында қатысушылар медиаторларды қатыстыра отырып, ұйымдарда, кәсіпорындарда медиация кабинеттерін ашу арқылы дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей шешу институтының жұмыстарын жолға қою, оны насихаттау жөнінде талқылады. Медиаторлардың басты мақсаты жанжалдасушы тараптарға кеңес беріп, олардың өзара тиімді шешім қабылдауына ықпал ету болмақ.

Іс-шараға қатысушылар дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей және соттан тыс шешудің қай салада болмасын мәселелерді реттеудегі маңыздылығын айта келіп, әлеуметтік наразылықтардың алдын-алудағы медиацияның роліне баса мән берді.

Отырыс қорытындысы бойынша, мекемелерде медиация қызметін насихаттау, енгізу және дамыту бойынша мелекеттік органдар және этномәдени бірлестіктер үшін ұсынымдар берілді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15