Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өткізілді

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 24 наурызда Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ Наурыз мерекесіне арналған қайрымдылық акция ұйымдастырылды.

Іс-шара ұйымдастырушылары – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы.

Акция әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау және оған қоғам назарын аудару, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел-үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруға бағытталды.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік орган, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестік пен БАҚ өкілдері қатысты.

Астана қаласы әкімдігі  «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Кенжеболат Бапишев жиналғандарға өзінің жылы лебізін білдірді. «Біз өз үйімізді Қазақстан халқы Ассамблеясының кіші үйі деп атаймыз. Бұл жерде бейбітшілік, достық пен келісімнің шаңырағы аясында он екі ұлттың өкілдері тұрып жатыр. Қазақстанның байлығын дәл осы этносаралық келісімнен көруге болады!»,-деді ол.

Қарттар үйінің тұрғындары үшін Астана қаласындағы этномәдени орталықтар концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара барысында қонақтар арнайы әзірленген ұлттық тағамдардың дәмін татты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.