You are here

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты арасындағы этномәдени бірлестіктердің ең үздік бейне тұсаукесері рәсіміне арналған байқау

19.09.2016, 15:29   910

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Осы жылдың 16 қыркүйегінде М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында «Үлкен ел - Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты арасындағы этномәдени бірлестіктердің ең үздік бейне тұсаукесері рәсіміне арналған байқау болып өтті.

Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған шығармашылық мазмұндағы бұл салтанатты іс-шараға «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев, Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова, сондай-ақ этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдері қатысты. Мұнан өзге, осы күні әділқазылар мүшесі ретінде Астана қаласы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміржан Әлпейісов, «Жастар сарайы» МКҚК директоры Сергей Солодовников, М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының директоры Вадим Моторин және «Студия «Көркем» ЖШС директоры Ағыбай Жеңіс қатысып, өз ой-пікірлерін білдірді.

Салтанатты рәсімде құттықтау сөз сөйлеген Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова байқаудың негізгі ерекшелігіне тоқталып: «Бүгінгі байқаудың басты мақсаты - қоғамдағы этносаралық келісім идеясын қолдап, оның барысында атқарылатын істерді тиянақты орындау. Әрі жастардың Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсене араласуын қамтамасыз ету»,-деді.

Байқаудың басталу сәтінде  әсем бояу сахнаны нұрландырып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Өз кезегінде тамаша биімен  «Prime Dance Company» ансамблі де көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев көпшілік алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының байқау жұмысына  елеулі еңбек сіңіргенін атап өтіп, жылы лебізін білдіріп: «Орыс, неміс, қазақ және поляк ұлттарының басын қосқан шетелдердегі және Қазақстандағы әртүрлі мазмұндағы халықаралық слеттерге қатыстым. Сондықтан сіздер өткізіп отырған этномәдени орталықтары жастар қанатының жұмысын жасқы білемін және оның маңызы өте ерекше. Жалпы айтқанда, өршіл рухты әрбір қазақстандық жастың ұлы келешекті қалыптастыратынына нық сенімдімін»,-деді.

Расында бұл байқау аға ұрпақ дәстүрі сабақтастығындағы ізгі тәлімді одан әрі жалғастыру және халықтық әдет-ғұрыптарымыз бен салт-дәстүрлерімізге құрметпен қарау мақсатында өткізілген болатын. Сонымен, байқау барысында 9 этномәдени бірлестік өздерінің шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа таныстырды. Осылардың ішінен 7 бірлестік байқаудың екінші кезеңіне өтті. Атап өтер болсақ, сол топ жарғандардың қатарында «Радима» беларусь этномәдени орталығы» ҚБ, Астана қаласы корей қоғамдық бірлестігінің жастар қанаты, «Возрождение» неміс қоғамы» ҚБ жастар қанаты, «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанаты, «Оберег» украин қоғамы» ҚБ жастар қанаты», «Өзбек этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанаты мен «Злата» болгар этномәдени орталығы ҚБ жастар қанаты болды.

Көрермендер назарына ұсынылған әрбір бейне тұсаукесерде өз халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне деген құрмет көрініс тауып,  байқаудың негізгі тақырыбы ашылды.

Әділқазылардың бірауыздан қабылданған шешімімен бірінші орынға «Оберег» украин қоғамы» ҚБ жастар қанаты» лайық болып танылды. Екінші орын Астана қаласы корей қоғамдық бірлестігінің жастар қанатына бұйырса, үшінші орынды «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығы» ҚБ жастар қанаты иеленді.

Астана қаласы әкімдігі жанындағы

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі 

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15